1994 жылы ауыл шаруашылық кәсiпорындарына көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 24 ақпандағы N 1578 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына Z933600_ сәйкес қаулы етемiн:
      1. Ауыл шаруашылық кәсiпорындарының қаржы жағдайын оңалту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң орталықтандырылған кредит ресурстары есебiнен бөлiнген, 1994 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктердiң несиелерi /айналым қаражатын толықтыруға арналған мақсатты кредиттен басқасы/ бойынша мерзiмi ұзартылған және мерзiмi өтiп кеткен қайтарылуы қамтамасыз етiлмеген берешектiң мерзiмi барлық меншiк нысанындағы ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерге ұзартылсын.
      Аталған берешектi өтеу 1999 жылдың 1 қаңтарынан теңбе-тең үлеспен бес жылдың iшiнде процент есептелмей басталады деп белгiленсiн.
      2. Ұжымшарлардың, кеңшарлардың және басқа мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындардың қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында:
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн айлық ақы бойынша құралып қалған берешектi өтеу үшiн 1994 жылғы 25 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде төлейтiн етiп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгiмен коммерциялық банкiлер арқылы кредит беретiн болсын. Аталған кредит 25 процент жылдықпен берiлсiн;
      - банк мекемелерi кредиттiң 1994 жылғы 5 наурызға дейiн берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1994 жылғы 25 наурызға дейiн осы Жарлықтың 1 және 2 тармақтарында аталған шараларды қаржыландыруға қажеттi мөлшерде сыртқы кредит /заем/ iздестiрсiн.
      4. Коммерциялық банктердiң негiзсiз мерзiмi ұзартылған несиелердiң үш еселеген мөлшердегi мүлiктiк жауапкершiлiгi белгiленсiн.
      Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiмен бiрлесе отырып негiзсiз мерзiмi ұзартылған берешектiң әрбiр фактiсi бойынша коммерциялық банктерден өндiрiп алып, бұл соманы республикалық бюджетке қосатын болсын. 5. Осы Жарлықтың Заң күшi бар, жарияланған сәтiнен бастап күшiне енгiзiледi және жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi тиiстi Заң қабылдағанға дейiн қолданылады. Қазақстан Республикасының Президентi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады