Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
Азаматтардың тұрғын үйге құқығын қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
Z933600_
негiзiнде қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексiне сәйкес тұрғын үй қорының құрамдас бөлiгi болып табылатын құрылыстағы тұрғын жайларға жатақханалар, баспана-қонақ үйлер, маневр қорының үйлерi, жалғызiлiктi қарттар, мүгедектер, ардагерлер үшiн арнаулы үйлер енедi деп белгiленсiн.
Жатақханада тұратындарға отбасы мүшелерiнiң мөлшерiн ескере отырып екi және одан да көп бөлмелерден тұратын (ас үйдi, дәлiздi және өзге қосалқы жайларды қоспағанда) тұрғын жай берiлуi мүмкiн.
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiру Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексi тиiстi нормаларының талаптарын ескере отырып жүргiзiлсiн.
3. Мемлекеттiк (соның iшiнде ведомстволық) тұрғын үй қорының басқа құрылыстарындағы тұрғын үйлер мен тұрғын жайларға енетiн объектiлердi жекешелендiрген кезде, тұрғын үй қорының аталған объектiлерiн пайдаланудың, сондай-ақ тұрғын үйге азаматтардың құқығына кепiлдiктiң республика заңдарымен көзделген шарты мен бағыты сақталады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 1994 жылғы 30 мамырға дейiнгi мерзiмде:
Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексi күшiне енгiзiлгеннен кейiн жатақхана мәртебесi бар, жеке пәтер түрiндегi тұрғын жайлардың жекешелендiрiлген кәсiпорындардың меншiгiне заңсыз берiлуiне қарсылық бiлдiрсiн;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп жекешелендiрiлген объектiлердiң меншiк иелерi құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерлiгiн, мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы және өзге мiндеттемелерiн сақтамаған әрi жекешелендiрiлген тұрғын үйдi одан әрi пайдаланудың шартын орындамаған жағдайда мемлекеттiк мүлiкке меншiк құқын өзгертудiң актiлерiн жарамсыз деп тану туралы талап ететiн болсын;
қызметтiк тұрғын жайларды азаматтардың және олардың отбасыларының тұрақты тұруына пайдаланған кезде, министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi әкiмдердiң жеке пәтер түрiндегi тұрғын жайларға қызмет үй-жайы немесе жатақхана мәртебесiн ("шағын отбасылық жатақхана", "қонақ үй үлгiсiндегi жатақхана") заңсыз берген барлық актiлерiне наразылық бiлдiрсiн және олардың күшiнiң жойылуына қол жеткiзсiн.
5. Жергiлiктi әкiмдер тұрғын үй коммуналдық шаруашылық органдарымен бiрлесiп 1994 жылғы 30 мамырға дейiнгi мерзiмде жеке пәтер түрiнде ұсталатын және азаматтар мен олардың отбасыларының тұрақты тұруы үшiн пайдаланылатын тұрғын жайлардағы үйлерге тұрғын үй мәртебесiн беретiн болсын, мұндай үйлердi қандай да бiр қосымша шартсыз мемлекеттiк тұрғын үй қорының құрамына көшiрсiн, сол үйлерде тұрақты тұратын азаматтарға және олардың отбасыларына иелiктерiндегi тұрғын жайларға ордер берудi қамтамасыз етсiн.
Бiрнеше отбасы, сондай-ақ туыстық қатынасы жоқ азаматтар бiр пәтерде тұрақты тұрған жағдайда, олардың иелiгiндегi тұрғын үйге ордер беру туралы мәселе, аталған үй балансында тұратын кәсiпорын әкiмшiлiгiнiң және азаматтар мен олардың отбасы мүшелерi жұмыс iстейтiн кәсiпорын әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша шешiлетiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексiне және Қазақстан Республикасының "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн.
7. Осы Жарлықтың заң күшi бар және Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексi мен Қазақстан Республикасының "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Заңына тиiстi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн күшiн сақтайды.
8. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi