Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 13 маусым 1994 ж. N 1730. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Республиканың өндiрiстiк әлеуетiн неғұрлым тиiмдi пайдалану және нарықтың қажетiн қанағаттандыру, республиканың әлемдiк шаруашылық байланыстарға тезiрек кiру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасының Сыртқы  экономикалық байланыстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi және Сауда министрлiгi негiзiнде Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      Алматы. 1994 жылғы 13 маусым.
            N 1730

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады