Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң орнынан түсуi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 11 қазан 1994 ж. N 1891

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 85-бабына сәйкес берiлген Үкiметтiң орнынан түсуi туралы өтiнiшiне байланысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң орнынан түсуi қабылдансын.
      2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi" туралы Заңның 14-бабына сәйкес Үкiмет мүшелерi Министрлер Кабинетiнiң жаңа құрамы құрылғанға дейiн өз мiндеттерiн атқаруды жалғастыратын болсын.
      3. Министрлер Кабинетiнiң осы кезеңдегi ағымдағы жұмысына басшылық ету Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдинге жүктелсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi.
             Қазақстан Республикасының
                 Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады