1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан консультативтiк
кеңесшi орган ретiнде Қазақстан Халықтарының ассамблеясы құрылсын. 2. Қазақстан Халықтарының ассамблеясы туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн. 3. Қазақстан Халықтары ассамблеясының бiрiншi сессиясы 1995 жылғы 24 наурызда шақырылсын. 4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Халықтары ассамблеясының бiрiншi сессиясын өткiзуге байланысты мәселелердi шешетiн болсын. 5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2066 Жарлығымен Бекiтiлген Қазақстан Халықтарының ассамблеясы туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Халықтарының ассамблеясы (бұдан былай - Ассамблея) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк кеңесшiсi орган болып табылады.
2. Ассамблея өз қызметiн:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттiң актiлерiне және осы Ережеге сәйкес;
- мүшелерiнiң тең құқылығы, жариялылық, демократия, Ассамблея мүшелерiнiң оның құрамындағы өздерiнiң қызметi үшiн дербес жауапкершiлiгi принциптерiне сүйенiп;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдармен, қоғамдық, оның iшiнде дiни бiрлестiктермен, қоғамдық аумақтық өзiн-өзi басқару органдарымен, сондай-ақ қызметi Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қайшы келмейтiн халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң өзге де ұйымдарымен тығыз бiрлесiп жүзеге асырады.
3. Ассамблеяның шешiмдерi ұсыныстық сипатта болады.
II. Ассамблея қызметiнiң мақсаты, мiндеттерi
және негiзгi бағыттары
4. Ассамблеяның мақсаты республикадағы оқиғаларға баға беру мен саяси ахуалды болжамдау негiзiнде қоғамның топтасуын қамтамасыз ететiн практикалық ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк тегiне, дiни сенiмi мен нанымына қарамастан Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтары сақталуының кепiлi ретiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiне жәрдемдесу болып табылады.
5. Ассамблеяның қызметi мынадай мiндеттердi шешуге:
- елдегi ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жәрдемдесуге;
- Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлттар өкiлдерiнiң арасында достық қарым-қатынастардың дамуына ықпал ететiн мемлекеттiк саясатты жүргiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге, тең құқылық принципiн сақтау негiзiнде олардың рухани-мәдени түлеуi мен дамуына жәрдемдесуге;
- азаматтардың өркениеттiлiк пен демократиялық нормаларға сүйенетiн саяси мәдениетiн қалыптастыруға;
- мемлекеттiң жүргiзiп отырған ұлттық саясатында әр алуан ұлттық мүдделердiң ескерiлуiн қамтамасыз етуге жәрдемдесуге;
- қоғамда туындаған әлеуметтiк қарама-қайшылықтарды шешу үшiн мәмiлелер iздестiруге бағытталған.
6. Ассамблея қызметiнiң негiзгi бағыттары:
- қоғамның таяудағы және болашақтағы рухани дамуының тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзiрлеу, оларды мемлекеттiк органдар мен халық арасында талқыға салу, оларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
- демократиялық өзгерiстердi қолдайтын қоғамдық пiкiрдi
қалыптастыруға қатысу; - әлеуметтiк тәжiке мен дауларды реттеу, жанжалды ахуалдарды шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен практикалық шараларды жүзеге асыруға қатысу; - шетелдiк ұйымдармен ақпарат алмасу болып табылады; ұлтаралық қатынастарды дамыту мен нығайту жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіру; <*> ұлттық саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-құқықтық сараптама жасау. <*> ЕСКЕРТУ. 6-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 2000.10.03. N 450 жарлығымен. U000450_ III. Ассамблея мүшелерi
7. Ассамблеяны Республика Президентi өзi белгiлеген сандық құрамда ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңестерi өкiлдерiнiң, сондай-ақ халық арасындағы беделiн, қоғамдық-саяси белсендiлiгiн, практикалық қызмет тәжiрибесiн ескере отырып, басқа да адамдардың iшiнен жасақтайды.
Ассамблея мүшелігіне кандидаттар ұлттық-мәдени орталықтардың ұсыныстары бойынша облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының кіші Ассамблеяларының Кеңесінің немесе сессиясының шешімімен ұсынылады. Республикалық қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардан Ассамблея мүшелігіне кандидаттарды Ассамблеяның Атқарушы хатшылығы ұсынады. Барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесінің мәжілісінде қаралып, Қазақстан
Халықтары ассамблеясы Төрағасының бекітуіне ұсынылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұсынылған кандидатураларды қабылдамай тастауға, Ассамблея құрамына өз қалауымен басқа адамдарды енгізуге хақылы. <*> ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2000.10.03. N 450 жарлығымен. U000450_ 8. Қазақстан халықтарының кiшi ассамблеялары: облыс әкiмдерi жанындағы консультативтiк кеңесшi органдар болып табылады; әр облыста ұлттық-мәдени орталықтардың, ардагерлер кеңестерiнiң, облыстық әкiмшiлiктер мен мәслихаттардың өкiлдерiнен жасақталады; оларға облыс әкiмдерi басшылық етiп, дербес құрамын бекiтедi; өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президенттiң актiлерi мен осы Ереженi басшылыққа алады. IV. Ассамблея мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi 9. Ассамблея мүшелерi: - Ассамблеяның практикалық қызметiнiң мәселелерiн талқылауға; - өз пiкiрiн Ассамблея шешiм қабылдағанға дейiн де, одан кейiн де бiлдiруге; - ассамблея қызметiне қатысуын тоқтата тұруға немесе оның құрамынан шығуға құқылы.
Ассамблея шеңберiнде азшылықтың өз көзқарасы және айқындамасын еркiн бiлдiру құқығына кепiлдiк берiледi. Бұл ретте азшылықтың Ассамблея атынан сөйлеуге және қабылданған шешiмдердiң жүзеге асырылуына кедергi жасауға құқы жоқ.
10. Ассамблея мүшелерi:
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттiң актiлерi мен осы Ережеге сәйкес iс-қимыл жасауға;
- Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзуге белсене қатысуға;
- Ассамблея беделiне қамқорлық жасауға және оның идеялары мен қызметiн белсене насихаттауға;
- Ассамблея тапсырмаларын тыңғылықты орындауға мiндеттi.
V. Ассамблеяның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртiбi
11. Қазақстан Республикасының Президентi Ассамблеяның Төрағасы болып табылады.
Ассамблея Төрағасының Ассамблея мүшелерiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi тағайындайтын екi орынбасары болады.
12. Ассамблеяны Қазақстан Республикасының Президентi шақырады. Ассамблеяның өткiзiлу уақыты, орны және болжалды күн тәртiбi Ассамблея жұмысының басталуынан бiр ай бұрын хабарланады.
Ассамблея жылына кемiнде бiр рет шақырылады.
13. Кезектен тыс Ассамблеяны Қазақстан Республикасының Президентi өз бастамашылығы бойынша немесе Ассамблея мүшелерiнiң жалпы санынан кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырады және шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiмде өткiзiледi.
14. Егер Ассамблеяның жұмысына оның мүшелерiнiң жалпы санынан кемiнде үштен екiсi қатысса Ассамблея құқылы деп саналады. Егер ассамблеяға қатысып отырған мүшелерiнiң жартысынан көбi дауыс берсе Ассамблеяның шешiмi қабылданған деп есептеледi. Шешiм қабылдау кезiнде дауыс беру нысанынан Ассамблея белгiлейдi.
15. Ассамблея:
- осы Ереженi өзгерту мен толықтыру туралы ұсыныстарды қарастыруға және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне енгiзуге;
- Ассамблеяның тұжырымдамалары мен мақсатты бағдарламаларын қабылдауға;
- Ассамблея мүшелерiнiң есептерiн тыңдауға;
- Қазақстан Республикасының Президентiне Ассамблеяның, оның құрылымдарының қызметiн қайта құру немесе тоқтату туралы Ассамблея мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен ұсыныс енгiзуге;
- оның құзырына жатқызылған өзге де мәселелердi қарастырып, шешуге құқылы.
16. Қазақстан Халықтары ассамблеясының мәжiлiстерi арасында жұмыс жүргiзу үшiн Республика Президентiнiң шешiмiмен ұлттық-мәдени орталықтардың, ардагерлер кеңестерiнiң өкiлдерiнен, кiшi Ассамблеялардың басшыларынан, сондай-ақ Ассамблеяның құрамына кiретiн басқа да адамдардан Ассамблея Кеңесi құрылады.
ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2000.10.03. N 450
жарлығымен. U000450_
VI. Ассамблеяны басқару құрылымы және қаржыландыру. <*>
17. Қазақстан Халықтары - ассамблеясының жұмысына жалпы басшылықты Ассамблея Төрағасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жүзеге асырады.
Ассамблеяның жоғарғы органы оның сессиясы болып табылады. Сессия шешімдерінің ұсыныстық сипаты болады.
Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Ассамблея сессиялары мен оның Кеңесі мәжілістерінің аралығында Ассамблея Кеңесіне басшылық етеді, Ассамблеяның Атқарушы хатшылығының жұмысын басқарады, өкілдік функцияларды жүзеге асырады, Ассамблея Төрағасының жекелеген тапсырмаларын орындайды.
Ассамблеяның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің құрамына енетін оның Атқарушы хатшылығы болып табылады.
Кіші Ассамблеялардың Атқарушы хатшылықтарының жауапты қызметкерлері облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері аппаратының қызметкерлері болып табылады деп белгіленсін
ЕСКЕРТУ. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1998.04.17.
N 3913 жарлығымен. U983913_
ЕСКЕРТУ. VI-тарау және 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің
2000.10.03. N 450 жарлығымен. U000450_
18. Ассамблея қызметiн қаржыландыру республиканың және облыстардың бюджеттiк қаражаты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн ерiктi құрмалдықтар есебiнен жүзеге асырылады.
VII. Ассамблеяның қызметiн тоқтату тәртiбi
19. Ассамблеяның қызметiн қайта құру немесе тоқтату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi өз бастамашылығы бойынша немесе Ассамблея мүшелерiнiң жалпы санынан кемiнде үштен екiсiнiң ұсынысы бойынша қабылдайды.
20. Ассамблеяның қызметiн қайта ұйымдастыру немесе тоқтату туралы ақпарат баспасөзде жарияланады.