"Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2066 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 17 сәуiр N 3913. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 қазандағы N 450 жарлығымен. ~U000450

      Этносаралық, конфессиялық, тiл мәселелерiн бiрыңғай мемлекеттiк саясат шеңберiнде неғұрлым тиiмдi үйлестiру және кешендi шешу мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2066 U952066_ Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 8, 84-құжат) бекiтiлген Қазақстан халықтарының Ассамблеясы туралы ережеге мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру тiкелей Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне жүктеледi. Республикалық және кiшi ассамблеялардың атқарушылық жұмысын жүзеге асыру үшiн құрылатын Қазақстан халықтары Ассамблеясының атқарушы хатшылығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң құрылымдық

 

бөлiмшесi болып табылады".

     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын қабылданған шешiмдердi

осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады