"Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2066 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы 2000 жылғы 3 қазан N 450. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.04.26. N 856 жарлығымен. ~U020856

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" конституциялық заңға сәйкес және Қазақстан Халықтары ассамблеясының мәртебесін арттыру, біртұтас мемлекеттік ұлттық саясат шеңберінде ұлтаралық қатынастарды дамыту мен нығайту процестерін үйлестіруді күшейту мақсатында қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2066 U952066_ Жарлығымен бекітілген Қазақстан Халықтарының ассамблеясы туралы ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 8, 84-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "ұлтаралық қатынастарды дамыту мен нығайту жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіру;
      ұлттық саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-құқықтық сараптама жасау.";
      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ассамблея мүшелігіне кандидаттар ұлттық-мәдени орталықтардың ұсыныстары бойынша облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының кіші Ассамблеяларының Кеңесінің немесе сессиясының шешімімен ұсынылады. Республикалық қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардан Ассамблея мүшелігіне кандидаттарды Ассамблеяның Атқарушы хатшылығы ұсынады. Барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесінің мәжілісінде қаралып, Қазақстан Халықтары ассамблеясы Төрағасының бекітуіне ұсынылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұсынылған кандидатураларды қабылдамай тастауға, Ассамблея құрамына өз қалауымен басқа адамдарды енгізуге хақылы.";
      16-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
      VI тараудың аты және 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "VI. Ассамблеяны басқару құрылымы және қаржыландыру.
      17. Қазақстан Халықтары - ассамблеясының жұмысына жалпы басшылықты Ассамблея Төрағасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жүзеге асырады.
      Ассамблеяның жоғарғы органы оның сессиясы болып табылады. Сессия шешімдерінің ұсыныстық сипаты болады.
      Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Ассамблея сессиялары мен оның Кеңесі мәжілістерінің аралығында Ассамблея Кеңесіне басшылық етеді, Ассамблеяның Атқарушы хатшылығының жұмысын басқарады, өкілдік функцияларды жүзеге асырады, Ассамблея Төрағасының жекелеген тапсырмаларын орындайды.
      Ассамблеяның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің құрамына енетін оның Атқарушы хатшылығы болып табылады.
      Кіші Ассамблеялардың Атқарушы хатшылықтарының жауапты қызметкерлері облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері аппаратының қызметкерлері болып табылады деп белгіленсін".
      2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы он күн

 

мерзімде Қазақстан Халықтары ассамблеясының Атқарушы хатшылығы туралы

ережені бекітіп, оның штат санын айқындасын.

     3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын қабылданған шешімдерді осы

Жарлыққа сәйкес келтірсін.

     4. "Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы" Қазақстан

Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2066 Жарлығына

өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы

17 сәуірдегі N 3913 


U983913_


  Жарлығының күші жойылған деп танылсын.

     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті




Оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады