Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы 1 наурыз N 2068. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997.05.26. N 3531 жарлығымен. ~U973531

      Бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды аттестациялау, ғылыми дәрежелер беру мен ғылыми атақтар беру жүйесi қызметiн жетiлдiру, сондай-ақ ғылыми және техникалық бағдарламалар мен жобаларды тәуелсiз сараптауды қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi /Қазақстан Республикасының МАК-i/ болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк аттестациялық комитетiнiң негiзгi мiндеттерi:
      бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды аттестациялау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу, тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың, ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының қызметiне бақылау жасау мен оны үйлестiрудi жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуетiн қалыптастыруға қатысу;
      ғылымның, техниканың, бiлiм мен мәдениеттiң даму тенденциялары мен перспективаларына талдау жасау;
      Ескерту. 2-тармақтың 5 абзацы алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1996.03.11. N 2895 қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының МАК-iне өзiне жүктелген функциялар шегiнде министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, кәсiпорындар мен ұйымдар орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдау құқы берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының МАК-i ғылыми дәрежелер беру мен ғылыми атақтар беру жөнiнде мемлекет атынан түпкiлiктi шешiмдер қабылдайтын болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
         Қазақстан Республикасының МАК-i орталық аппаратының ғылыми дәрежелерi мен атақтары бар қызметкерлерi үшiн тиiстi лауазымдық екбекақыларының 50 процентiне дейiнгi мөлшерде үстемелер белгiленсiн;
      Қазақстан Республикасы МАК-iнiң адам саны, оны қаржы және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн;
      Қазақстан Республикасының МАК-i туралы Ереженi бекiтсiн.
      6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 17 мамырдағы N 784 Жарлығының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 18, 302-бап/ күшi жойылған деп танылсын.
      7. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады