Тауар биржалары туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі N 2170 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV Заңымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2009.05.04. N 155-IV (2009.11.07. бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1 бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Актiнiң нысаны және тақырыбы өзгерді, кiрiспе алып тасталды, мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылды, "Жарлықты", "Жарлықтың", "Жарлыққа", "Жарлық" деген сөздер тиiсінше "Заңды", "Заңның", "Заңға", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды, "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiне" деген сөздер тиiсiнше "Үкiметi", "Үкiметiне" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

1-бап. Тауар биржасының ұғымы

      1. Биржалық сауданың белгiлеген тәртiбi бойынша белгiлi бiр жерде және белгiлi бiр уақытта ұдайы көпшiлiк сауда өткiзу арқылы биржалық тауарлардың көтерме саудасы жөнiндегi ұйымдастыру және реттеу қызметiн жүзеге асыратын, кез келген меншiк нысандарына негiзделген заңды ұйым тауар биржасы /текст бойынша бұдан былай - биржа/ болып табылады.

      2. Биржа - қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығыстарын өтеуге, биржа мен биржалық инфрақұрылымды ақпараттық-техникалық және әлеуметтiк дамытуға пайдаланатын субъект.

2-бап. Тауар биржасының аясы

      1. Биржа өзiне берiлген биржалық лицензияның негiзiнде биржалық тауарлармен көтерме сауда жүргiзуге тiкелей байланысты ұйымдастыру және реттеу қызметiн жүзеге асырады.

      2. Биржалардың биржалық саудаға тiкелей байланысты емес сауда, сауда-делдалдық және кез келген басқадай қызметтердi жүзеге асыруға тыйым салынады.

3-бап. Биржалық тауар

      1. Биржа белгiленген тәртiппен биржалық саудаға жiберген, айналымнан алынып тасталмаған белгiлi бiр тектес және сападағы тауар, соның iшiнде аталған тауардың экспортына рұқсаты /квотасы мен лицензиясы/, стандартты контрактi мен коносаментi биржалық тауар болып табылады.

      2. Биржа көпшiлiк саудаға шығаратын биржалық тауар нормативтiк құжаттама мен қолданылып жүрген стандарттардың талаптарына сай келуге тиiс.

      3. Ашық тауар биржалары арқылы ғана өткiзуге жататын биржалық тауар тауарлар тiзбесiн және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. P090638

4-бап.Биржалық мәмiле

      1. Биржалық тауарға қатысты биржалық саудаға қатысушылар жасасқан биржалық сауда барысында биржа тiркеген шарт /келiсiм, контракт/ биржалық мәмiле болып табылады. Биржалық мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу тәртiбiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес биржа белгiлейдi.

      2. Белгiленбеген тәртiппен биржада жасалған мәмiлелерге биржаның кепiлдiгi қолданылмайды.

5-бап. Биржалық мәмiлелердiң түрлерi

      Биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда биржасында:

      нақты тауарға қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысуға;

      жеткiзу мерзiмi кейiнге қалдырылған нақты тауарға /форвардты мәмiлелер/ қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысуға;

      биржалық тауарды болашақта жеткiзуге /фьючерлiк мәмiлелер/ арналған стандартты контрактiге қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысуға;

      биржалық тауарға немесе биржалық тауарды өткiзуге арналған контрактiге /опциондық мәмiлелер/ қатысты құқықтар мен мiндеттердi болашақта алысу құқығына арналған құқықтарды беруге;

      биржалық сауданың ережелерiнде белгiленген биржалық тауарға немесе контрактiге байланысты мәмiлелер жасай алады.

6-бап. Биржалық саудаға қатысушылар

      1. Брокерлiк ұйымдар, брокерлер, дилерлер және бiр жолғы келушiлер биржалық саудаға қатысушылар болып табылады.

      2. Биржалық сауда:

      клиенттiң атынан және оның есебiнен, клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиенттiң есебiнен /брокерлiк қызмет/ биржалық мәмiлелер жасау;

      кейiн биржада қайта сату мақсатымен /дилерлiк қызмет/ өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау;

      бiр жолғы келушiлермен өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау арқылы жүзеге асырылады.

7-бап. Тауар биржасының филиалдары мен басқа да бөлiмшелерi

      1. Биржаның қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және одан да тыс жерлерде өз филиалдары мен басқа да бөлiмшелерiн құруға құқығы бар, олардың қызметiне осы Заңның және солар тұрған елдер заңдарының күшi қолданылады. P071292

      2. Биржаға меншiктi брокерлiк ұйымдар құруға тыйым салынады. Биржаның штаттағы қызметкерлерi биржа саудасына қатысушылар бола алмайды.

8-бап. Тауар биржаларының биржалық одақтары, қауымдастықтары және басқа бiрлестiктерi

      Биржалар өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделерiн қорғау және бiрлескен бағдарламаларды, соның iшiнде бiрлескен саудаларды ұйымдастыру жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн заңды ұйым құқығы бар биржалық одақтарды, қауымдастықтар мен басқа да бiрлестiктердi ерiктi негiзде және өз құрылтайшыларының келiсiмiмен немесе олардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құра алады.

9-бап. Заңды тұлғалардың атауларында "тауар биржасы" деген сөздердi пайдалануды шектеу

      Осы Заңның 1 және 2-баптарында белгiленген талаптарға қызметтерi сай келмейтiн заңды тұлғалардың биржалық сауданы жүзеге асыруға, өз атауында "тауар биржасы" деген сөздердi пайдалануға құқығы жоқ және бұл сөздер кез келген тiркесте қолданылған атаулармен мемлекеттiк тiркеуге жатпайды.

2 бөлiм. ТАУАР БИРЖАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ТОҚТАТУ

10-бап. Биржаны құру

      Биржалық құрылтайшылық құжаттарды тiркелген күннен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға мәртебесiне ие болады.

11-бап. Тауар биржаларының түрлерi

      Көпшiлiк сауда өткiзу дәрежесi бойынша биржалар:

      биржалық саудаға тек биржаның мүшелерi ғана қатысатын жабық;

      биржалық саудаға келушiлер де жiберiлетiн ашық болуы мүмкiн.

12-бап. Тауар биржасының құрылтайшылары

      Биржаны Қазақстан Республикасының аумағында заң бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынбаған заңды және жеке тұлғалар құра алады.

13-бап. Тауар биржасының жарғысы

      Биржаның жарғысында:

      биржаның атауы, түрi және орналасқан жерi;

      биржаға мүше қабылдау, мүшелiктi кiдiрте тұру және тоқтату тәртiбi;

      ұйымдық-құқықтық нысанының белгiленуi;

      биржаның негiзгi мiндеттерi;

      биржа мүшелерiнiң және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi;

      биржа мүшелерiнiң мүлiктiк жауапкершiлiгi;

      жарғылық капиталының мөлшерi;

      биржа құрайтын қорлардың тiзбесi және қалыптастыру тәртiбi;

      биржаны басқару құрылымы және оны бақылау органдары, олардың функциялары мен өкiлеттiгi, шешiмдер қабылдау тәртiбi;

      биржалық сауда ережелерiн қабылдау /бекiту/ тәртiбi;

      биржалық саудаға қатысушылар арасындағы биржалық мәмiлелер, биржаның, оның филиалдарының және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастыру мен реттеу жөнiндегi дауларды шешу тәртiбi;

      биржа қызметiн тоқтатудың тәртiбi мiндеттi түрде көрсетiлуге тиiс.

14-бап. Биржалық лицензия

      1. Биржа қызмет биржалық лицензия болғанда ғана жүзеге асырылады.

      2. Биржа лицензиясы биржаға тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi орган, егер мынадай шарттар сақталған болса:

      құрылтайшылық құжаттары мен биржалық сауда ережелерiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және өзге де нормативтi құжаттарына сәйкестiгi анықталса;

      жарғылық қордың төленген бөлiгi оның жарияланған сомасының кемiнде жетпiс процентiн құраса, өтiнiш берген күннен бiр ай кешiктiрмей бередi.

      3. Биржалық лицензияларды беру, олардың күшiн жою және қолданылуын кiдiрте тұру тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiтетiн Тауар биржаларына лицензия беру туралы ережемен белгiленедi.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

15-бап. Тауар биржасының мүшелерi

      1. Биржадағы брокерлiк орынды иеленетiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдiктер де биржа мүшелерi бола алады.

      2. Биржаға мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және тоқтату тәртiбi биржа жарғысымен белгiленедi.

      Биржаға мүшелiкке қабылдау биржа кеңесi беретiн тиiстi куәлiкпен расталады.

      3. Мыналар биржа мүшесi бола алмайды:

      осы немесе қайсыбiр басқа тауар биржаларының қызметшiлерi;

      лауазымды адамдары, соның iшiнде филиалдары мен басқа да оқшауланған бөлiмшелерiнiң басшылары осы биржаның қызметшiлерi болып табылатын ұйымдардың барлық түрлерi;

      қоғамдық, дiни және қайырымдылық бiрлестiктерi /ұйымдары/ мен қорлары;

      қолданылып жүрген заңға сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыра алмайтын жеке тұлғалар.

      4. Биржа мүшелерi:

      биржаның түрiне қарамастан көпшiлiк саудаға қатысуға;

      кеңесшi дауыс құқығымен биржаны басқару органдарының жұмысына қатысуға;

      өзiнiң биржалық саудаға қатысу өкiлеттiгiн атқаруды бiр ғана заңды немесе жеке тұлғаға тапсыруға құқылы. Кепiлдiк беру шарты биржада тiркелуге тиiс. Биржалық саудаға қатысу құқығын өзге түрде қайтара беруге болмайды.

16-бап. Тауар биржасының органдары

      1. Биржаның органдары: биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы, биржа кеңесi, тексеру комиссиясы болып табылады.

      Биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы биржаның жоғарғы органы болып табылады және биржа мен оның мүшелерiнiң барлық құқықтары мен мiндеттерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

      Биржа кеңесi биржаның атқарушы органы болып табылады.

      2. Биржа органдарының атқаратын функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi биржаның құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

17-бап. Биржалық сауда ережелерi

      1. Биржалық сауда ережелерi:

      биржалық негiзгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң функцияларын;

      биржалық саудаға қатысушыларды алдағы болатын жария көпшiлiк сауда туралы хабардар ету тәртiбiн;

      биржада осы сауданы өткiзу тәртiбiн;

      биржалық мәмiлелер түрлерiн;

      оларды тiркеу мен есепке алу тәртiбiн;

      биржалық тауарлар бағасын белгiлеу тәртiбiн;

      биржалық саудаға қатысушыларды өткен жария көпшiлiк саудадағы биржалық мәмiлелер туралы, оның iшiнде биржалық мәмiлелердiң бағалары мен биржалық тауарлардың бағасын белгiлеу туралы хабардар ету тәртiбiн;

      биржа мүшелерiн және биржалық саудаға басқа да қатысушыларды тауар нарықтары мен биржалық тауарлардың нарықтық конъюнктурасы туралы хабардар ету тәртiбiн;

      биржалық мәмiлелер жасасу кезiнде биржа мүшелерi мен биржалық саудаға басқа қатысушылардың өзара есеп айырысу тәртiбiн;

      баға деңгейiнiң күрт артуына немесе төмендеуiне, бағаны қолдан өсiруге немесе төмендетуге, бағаға әсер ету үшiн сөз байласуға немесе жалған қауесет таратуға жол бермеу мақсатында биржадағы баға белгiлеу процесiн бақылау жөнiндегi шараларды;

      биржа өткiзетiн жария көпшiлiк саудада реттiлiк пен тәртiптi қамтамасыз ететiн шараларды, сондай-ақ осы шараларды қолдану тәртiбi мен шарттарын;

      биржа мүшелерiнiң және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың қолданылып жүрген заңдарды сақтауын қамтамасыз ететiн шараларды;

      биржа тауарларының тiзбесiн;

      биржалық саудаға қатысушылардан биржа айыппұл өндiрiп алатын жолсыздықтар тiзбесiн, сондай-ақ айыппұлдың мөлшерi мен оны өндiрiп алу тәртiбi;

      биржа көрсететiн қызмет үшiн төлемдердiң мөлшерiн және биржаның оны алу тәртiбiн көздеуге тиiс.

      2. Биржалар сұраныс пен ұсыныс ескерiле отырып анықталған тауарларға белгiленген бағаны бұқаралық ақпарат құралдарында оқтын-оқтын жариялап тұруға мiндеттi.

      3. Биржалық сауданың үлгi ережелерiн тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтеді.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01. бастап күшіне енеді) Заңымен.

18-бап. Тауар биржасының қызметiн тоқтату

      Биржа қызметiн тоқтату биржаның жоғары органының шешiмi бойынша биржаның жарғысында белгiленген тәртiппен немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

3 бөлiм. БИРЖАЛЫҚ САУДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

19-бап. Тауар биржасындағы тауар сараптамасы

      Биржалық саудаға қатысушының талап етуi бойынша биржа жария көпшiлiк сауда арқылы өткiзiлетiн нақты тауарлар сапасының қалыпты құжаттама талаптарына сай келуiне сараптама ұйымдастыруға мiндеттi.

20-бап. Тауар биржасындағы мәмiлелердiң нәтижелерi бойынша клиринг және есеп айырысу

      1. Мәмiлелердiң нәтижелерi бойынша биржалық саудаға қатысушылардың айқын позицияларды есептеу және әрi қарай айқын позицияларды есеп айырысу мекемесiне беру үшiн биржа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар клирингтiк орталықтар /палата/ ұйымдастыра алады немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар клирингтiк орталықтармен /палаталармен/ шарттар жасаса алады.

      Клирингтiк орталық /палата/ есеп айырысу жүргiзу үшiн жеке шарт жасасқан банк есеп айырысу мекемесi бола алады.

      2. Клирингтiк орталық /палата/ қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның банк операцияларының шектеулi тобын өткiзуге арнайы лицензиясын алған кезде есеп айырысу мекемесiнiң функциясын орындай алады.

      3. Биржа биржалық саудаға қатысушылардың қаржылық мiндеттемелерiнiң биржалық сауда нәтижелерi бойынша олардың есеп айырысуларын орындауына кепiлдiк беретiн түрлерiн, мөлшерiн және енгiзiлу тәртiбiн белгiлеуге құқылы.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

21-бап. Тауар биржасында тарифтердi белгiлеу

      1. Биржа:

      биржа мен оның бөлiмшелерi көрсететiн қызметтер үшiн оның мүшелерiнен және биржалық саудаға басқа да қатысушылардан биржаның пайдасына алынатын төлемдердiң ставкасын;

      биржа жарғысын, биржалық сауда ережелерiн және биржа белгiлеген басқа да ережелердi бұзғаны үшiн биржалық шартта көзделген экономикалық санкциялардың мөлшерiн дербес белгiлеуге құқылы.

      2. Биржаға:

      биржалық тауарға бағаның деңгейi мен шегiн;

      биржалық мәмiлелерге делдалдық еткенi үшiн биржалық саудаға қатысушылар алатын сыйақының мөлшерiн белгiлеуге тыйым салынады.

      3. Көрсетiлетiн қызметтер үшiн белгiленген тарифтер және биржалық саудаға қатысушылардан алынатын комиссиялық алымдар тарифтерiнiң прейскуранты биржалық саудаға кез-келген қатысушының танысуына оңай болуға тиiс.

22-бап. Тауар биржасында дауларды шешу

      1. Биржалық мәмiлелер жасауға байланысты даулар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес биржа бекiткен Аралық сот туралы қолданылып жүрген ережеге сай жұмыс iстейтiн төрелiк комиссиясында қаралуы мүмкiн.

      2. Биржаның төрелiк комиссиясының шешiмiне белгiленген тәртiппен сотта шағым жасауы мүмкiн.

4 бөлiм. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

23-бап. Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия

      1. Тауар биржаларының қызметiн мемлекеттiк реттеудi Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      2. Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi орган туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01. бастап күшіне енеді) Заңымен.

24-бап. Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органның функциялары

      Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органның функциялары:

      биржалық лицензиялар беру;

      тауар биржаларының тiзiлiмiн жүргiзу;

      биржа туралы заңдардың сақталуын бақылау;

      биржа қызметiн және биржалық сауданың дамуын зерделеу;

      биржалық құжаттарды дайындау жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлеу;

      биржалық сауданың үлгi ережелерiн бекiту болып табылады.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01. бастап күшіне енеді) Заңымен.

25-бап. Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органның құқықтары

      1. Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi орган:

      тауар биржалары туралы қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсыруға;

      биржа осы Заңды бұзған жағдайда биржалық лицензияны тоқтата тұру немесе оның күшiн жою түрiнде биржаға санкциялар қолдануға;

      биржаға мемлекеттiк инспектор тағайындауға;

      биржалар мен биржалық саудаларға қатысушылардың қаржы-шаруашылық қызметiне тексерулер ұйымдастыруға;

      қолданылып жүрген заңдарды бұзған биржаларға және олардың мүшелерiне санкция қолдану үшiн материалдарды сотқа жiберуге, ал қылмыс белгiлерi байқалған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге құқылы.

      2. Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органға, оның лауазымды адамдары мен қызметшiлерiне тауар биржаларының, биржа брокерлерiнiң және биржалық саудаға қатысушылардың қызметi туралы коммерциялық құпиясы бар ақпаратты, заңдарда көзделген жағдайлардан басқа ретте жария етуге тыйым салынады.

      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01. бастап күшіне енеді) Заңымен.

26-бап. Тауар биржасындағы мемлекеттiк инспектордың өкiлеттiгi

      Биржадағы мемлекеттiк инспектор биржаның және биржалық саудаласуға қатысушылардың қолданылып жүрген заңдарды сақтауына тiкелей бақылауды жүзеге асырады және:

      биржа ұйымдастыратын саудаласуға қатысуға;

      кеңесшi дауыс құқығымен биржа құрылтайшыларының, оның секцияларының /бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң/ жалпы жиналыстарына қатысуға;

      биржаны басқару мен бақылау органдары жиналыстары мен мәжiлiстерiнiң барлық хаттамаларын әрi олардың шешiмдерiн қоса, биржа қызметi туралы ақпаратпен танысуға;

      биржа басшылығына ұсыныстар енгiзуге және табыстамалар енгiзуге;

      тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзуге;

      тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмдерiн биржаның және оның мүшелерiнiң орындауына бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01. бастап күшіне енеді) Заңымен.

27-бап. Тауар биржасының дербестiгiне кепiлдiктер

      1. Мемлекеттiк үкiмет және басқару органдарының, қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда, биржа қызметiне араласуына жол берiлмейдi.

      2. Мемлекеттiк басқару органдарының сондай-ақ олардағы лауазымды адамдардың iс-әрекетi салдарынан биржалық мәмiлелердi орындамау немесе мәмiлелерге қатысушыларға зиян келтiру орын алса Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.

28-бап. Тауар биржалары мен биржалық саудаласуға қатысушыларға салық салу

      Биржалар мен биржалық саудаласуға қатысушыларға, сондай-ақ биржалық саудаға басқа қатысушыларға салық салу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

29-бап. Тауар биржаларындағы есеп және олардың статистикалық есеп беруi

      1. Биржа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзедi, қаржы және статистикалық есептiлiктi жасайды.

      2. Биржалардың статистикалық есеп беру нысандары мен оны тапсыру тәртiбiн мемлекеттiк статистика органдары белгiлейдi.

      3. Биржаның лауазымды адамдары мемлекеттiк статистикалық есеп берудi бұрмалағаны үшiн заңда белгiленген тәртiппен жауап бередi.

      Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.06.02 N 115 Заңымен.

Қазақстан Республикасының


Президентi



О товарных биржах

Закон Республики Казахстан от 7 апреля 1995 года N 2170. Утратил силу Законом Республики Казахстан от 4 мая 2009 года N 155-IV.

      Сноска. Утратил силу Законом РК от 04.05.2009 № 155-IV (вводится в действие с 07.11.2009).

      ОГЛАВЛЕНИЕ

      Сноска. Форма акта и заголовок даны в новой редакции; преамбула исключена; в тексте после слова "Раздел" цифры "I - IV" заменены соответственно цифрами "1 - 4"; слова "Указа", "Указу", "Указ" заменены соответственно словами "Закона", "Закону", "Закон"; слова "Кабинетом Министров", "Кабинет Министров" заменены соответственно словами "Правительством", "Правительство" - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 .

Раздел 1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

Статья 1. Понятие товарной биржи

1. Товарной биржей (далее по тексту "биржа") является юридическое лицо, основанное на любых формах собственности, осуществляющее организационную и регулирующую деятельность по оптовой торговле биржевыми товарами путем регулярного проведения публичных торгов в определенном месте и в определенное время по установленным правилам биржевой торговли.

2. Биржа - это субъект, доходы от услуг которого используются для компенсации его затрат, информационно-технического и социального развития биржи и биржевой инфраструктуры.

Статья 2. Сфера деятельности товарной биржи

1. Биржа на основании предоставленной ей биржевой лицензии осуществляет организационную и регулирующую деятельность, непосредственно связанную с ведением оптовой торговли биржевыми товарами.

2. Биржам запрещается осуществлять торговую, торгово-посредническую и любую иную деятельность, непосредственно не связанную с биржевой торговлей.

Статья 3. Биржевой товар

1. Биржевым товаром является не изъятый из оборота товар определенного рода и качества, в том числе разрешения на экспорт (квоты и лицензии), стандартный контракт и коносамент на указанный товар, допущенный биржей в установленном порядке к биржевой торговле.

2. Биржевой товар, выносимый биржей на публичные торги, должен отвечать требованиям нормативной документации и действующим стандартам.

3. Перечень биржевых товаров и минимальный размер представляемых партий, подлежащих реализации только через открытые товарные биржи, утверждаются Правительством Республики Казахстан. P090638

Статья 4. Биржевая сделка

1. Биржевой сделкой является зарегистрированный биржей в ходе биржевых торгов договор (соглашение, контракт), заключаемый участниками биржевой торговли в отношении биржевого товара. Порядок регистрации и оформления биржевых сделок устанавливается биржей в соответствии с действующим законодательством .

2. На сделки, совершенные на бирже в не установленном порядке, не распространяются гарантии биржи.

Статья 5. Виды биржевых сделок

В ходе биржевых торгов участники биржевой торговли могут совершать сделки, связанные:

со взаимной передачей прав и обязанностей в отношении реального товара;

со взаимной передачей прав и обязанностей в отношении реального товара с отсроченным сроком его поставки (форвардные сделки);

со взаимной передачей прав и обязанностей в отношении стандартных контрактов на будущую поставку биржевого товара (фьючерсные сделки);

с уступкой прав на будущую передачу прав и обязанностей в отношении биржевого товара или контракта на поставку биржевого товара (опционные сделки);

с биржевым товаром или контрактом, установленным в правилах биржевой торговли.

Статья 6. Участники биржевой торговли

1. Участниками биржевой торговли являются: брокерские организации, брокеры, дилеры и разовые посетители.

2. Биржевая торговля осуществляется путем:

совершения биржевых сделок от имени клиента и за его счет, от имени клиента и за свой счет или от своего имени и за счет клиента

(брокерской деятельности);

совершения биржевых сделок от своего имени и за свой счет с целью последующей перепродажи на бирже (дилерской деятельности);

совершения биржевых сделок разовыми посетителями от своего имени и за свой счет.

Статья 7. Филиалы и другие подразделения товарной биржи

1. Биржа имеет право создавать на территории Республики Казахстан и за ее пределами свои филиалы и другие подразделения в соответствии с действующим законодательством , на деятельность которых распространяется действие настоящего Закона и законодательство стран пребывания. P071292

2. Бирже запрещается создавать собственные брокерские организации. Штатные сотрудники биржи не могут быть участниками биржевой торговли.

Статья 8. Биржевые союзы, ассоциации и другие объединения товарных бирж

Биржи могут создавать на добровольных началах и с согласия или по решению общих собраний своих учредителей в соответствии с законодательством Республики Казахстан биржевые союзы, ассоциации и другие объединения с правами юридического лица для координации своей деятельности, защиты общих интересов и осуществления совместных программ, в том числе по организации совместных торгов.

Статья 9. Ограничение использования слов "товарная биржа" в наименованиях юридических лиц

Юридические лица, деятельность которых не отвечает требованиям, установленным статьями 1 и 2 настоящего Закона, не имеют права на осуществление биржевой торговли, использование в своем названии слов "товарная биржа" и не подлежат государственной регистрации под наименованиями, включающими эти слова в любых сочетаниях.

Раздел 2. СОЗДАНИЕ И ПРЕКРАЩЕНИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
ТОВАРНОЙ БИРЖИ

Статья 10. Создание биржи

Биржа считается созданной и приобретает статус юридического лица со дня регистрации ее учредительных документов.

Статья 11. Виды товарных бирж

По степени проведения публичных торгов биржи могут быть:

закрытыми, в биржевой торговле которых участвуют только члены

биржи;

открытыми, к биржевой торговле которых допускаются посетители.

Статья 12. Учредители товарной биржи

Биржа может учреждаться юридическими и физическими лицами, которым законодательно не запрещено осуществлять предпринимательскую деятельность на территории Республики Казахстан.

Статья 13. Устав товарной биржи

В уставе биржи в обязательном порядке указываются:

наименование, вид и местонахождение биржи;

порядок приема в члены биржи, приостановки и прекращения членства;

определение организационно-правовой формы;

основные задачи биржи;

права и обязанности членов биржи и других участников биржевой торговли;

имущественная ответственность членов биржи;

размер уставного капитала;

перечень и порядок формирования фондов, образуемых биржей;

структура управления и органы контроля биржи, их функции и правомочия, порядок принятия ими решений;

порядок приемки (утверждения) правил биржевой торговли;

порядок разрешения споров между участниками биржевой торговли по биржевым сделкам, организации и регулированию деятельности биржи, ее филиалов и других обособленных подразделений;

порядок прекращения деятельности биржи.

Статья 14. Биржевая лицензия

1. Биржевая деятельность может осуществляться только при наличии биржевой лицензии.

2. Биржевая лицензия выдается бирже уполномоченным органом по товарным биржам не позднее чем через месяц со дня подачи заявления, если соблюдены следующие условия:

установлено соответствие учредительных документов и правил биржевой торговли настоящему Закону, другим законодательным и иным нормативным актам Республики Казахстан;

оплаченная часть уставного фонда составляет не менее семидесяти процентов его объявленной суммы.

3. Порядок выдачи, аннулирования и приостановки действия биржевой лицензии определяется Положением о лицензировании товарных бирж, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.

      Сноска. В статью 14 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 .

Статья 15. Члены товарной биржи

1. Членами биржи могут быть юридические и физические лица, в том числе иностранные, которые приобретают брокерские места на бирже.

2. Порядок приема в члены биржи, приостановки и прекращения членства определяется уставом биржи.

Прием в члены биржи подтверждается соответствующим свидетельством, выдаваемым биржевым советом.

3. Членами биржи не могут быть:

служащие данной или какой-либо другой товарной биржи;

все виды организаций, если их должностные лица, в том числе руководители их филиалов и других обособленных подразделений, являются служащими данной биржи;

общественные, религиозные и благотворительные объединения (организации) и фонды;

физические лица, которые в соответствии с действующим законодательством не могут осуществлять предпринимательскую деятельность.

4. Члены биржи имеют право:

участвовать в публичных торгах вне зависимости от вида биржи;

участвовать в работе органов управления биржи с правом совещательного голоса;

поручить исполнение своих полномочий на участие в биржевой торговле только одному юридическому или физическому лицу. Договор поручительства подлежит регистрации на бирже. Переуступка прав на участие в биржевой торговле в иной форме не допускается.

Статья 16. Органы товарной биржи

1. Органами биржи являются: общее собрание учредителей биржи, биржевой совет, ревизионная комиссия.

Общее собрание учредителей биржи является высшим органом биржи и обеспечивает соблюдение всех прав и обязанностей биржи и ее членов.

Биржевой совет является исполнительным органом биржи.

2. Функции и полномочия органов биржи, порядок принятия ими решений определяются учредительными документами биржи.

Статья 17. Правила биржевой торговли

Правила биржевой торговли должны предусматривать:

функции основных структурных подразделений биржи;

порядок информирования участников биржевой торговли о предстоящих гласных публичных торгах;

порядок проведения этих торгов на бирже;

виды биржевых сделок;

порядок их регистрации и учета;

порядок котировки цен биржевых товаров;

порядок информирования участников биржевой торговли о биржевых сделках на предшествующих гласных публичных торгах, в том числе о ценах биржевых сделок и о котировке цен биржевых товаров;

порядок информирования членов биржи и других участников биржевой торговли о товарных рынках и рыночной конъюнктуре биржевых товаров;

порядок взаимных расчетов членов биржи и других участников биржевой торговли при заключении биржевых сделок;

меры по контролю над процессом ценообразования на бирже в целях недопущения резкого повышения или понижения уровней цен, искусственного завышения или занижения цен, сговора или распространения заведомо ложных слухов с целью воздействия на цены;

меры, обеспечивающие порядок и дисциплину на публичных торгах, проводимых биржей, а также порядок и условия применения этих мер;

меры, обеспечивающие соблюдение членами биржи и другими участниками биржевой торговли действующего законодательства;

перечень биржевых товаров;

перечень нарушений, за которые биржей взыскиваются штрафы с участников биржевой торговли, а также размеры штрафов и порядок их взыскания;

размеры платежей за услуги биржи и порядок их взимания биржей.

2. Биржи обязаны периодически публиковать в средствах массовой информации котировки цен на товары, выявленные с учетом спроса и предложения.

3. Типовые правила биржевой торговли утверждаются уполномоченным органом по товарным биржам.

      Сноска. В статью 17 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 .

Статья 18. Прекращение деятельности товарной биржи

Прекращение деятельности биржи может быть осуществлено по решению высшего органа биржи в порядке, установленном уставом биржи, или по основаниям, предусмотренным законодательством Республики Казахстан.

Раздел 3. ОРГАНИЗАЦИЯ БИРЖЕВОЙ ТОРГОВЛИ

Статья 19. Товарная экспертиза на товарной бирже

По требованию участника биржевой торговли биржа обязана организовать экспертизу качества реальных товаров, реализуемых через гласные публичные торги, на соответствие требованиям нормативной документации.

Статья 20. Клиринг и расчеты по результатам сделок на товарной бирже

1. Биржа может организовывать клиринговые центры (палаты), имеющие лицензию Национального Банка Республики Казахстан или заключать договора с клиринговыми центрами (палатами), имеющими лицензию Национального Банка Республики Казахстан, для подсчета чистых позиций участников биржевой торговли по результатам сделок и последующей передачи чистых позиций в расчетное учреждение.

Расчетным учреждением может быть банк, с которым клиринговый центр (палата) заключает отдельный договор на проведение расчетов.

2. Клиринговый центр (палата) может выполнять функции расчетного учреждения при получении специальной лицензии уполномоченного государственного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций на проведение ограниченного круга банковских операций.

3. Биржа вправе устанавливать виды, размеры и порядок внесения финансовых обязательств участников биржевой торговли, гарантирующих выполнение ими расчетов по результатам биржевых торгов.

      Сноска. Статья 20 с изменениями - Законом Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 483 (вводится в действие с 1 января 2004 года).

Статья 21. Установление тарифов на товарной бирже

1. Биржа имеет право на самостоятельное установление:

ставок платежей, взимаемых в пользу биржи с ее членов и других участников биржевой торговли за услуги, оказываемые биржей и ее подразделениями;

размеров экономических санкций, предусмотренных условиями биржевого договора, взимаемых за нарушение устава биржи, правил биржевой торговли и других правил, установленных биржей.

2. Бирже запрещается устанавливать:

уровни и пределы цен на биржевой товар;

размер вознаграждения, взыскиваемого участниками биржевых торгов за посредничество в биржевых сделках.

3. Прейскурант тарифов за услуги и комиссионных, взимаемых с участников биржевых торгов, должен быть доступен для ознакомления любому участнику биржевой торговли.

Статья 22. Разрешение споров на товарной бирже

1. Споры, связанные с заключением биржевых сделок, могут рассматриваться арбитражной комиссией, действующей в соответствии с Положением от третейском суде, утвержденным биржей в соответствии с действующим законодательством .

2. Решение арбитражной комиссии биржи может быть оспорено в установленном порядке в суде.

Раздел 4. ГОСУДАРСТВЕННОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ
ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ТОВАРНЫХ БИРЖ

Статья 23. Республиканская комиссия по товарным биржам

1. Государственное регулирование деятельности товарных бирж осуществляет Уполномоченный орган по товарным биржам.

2. Положение об уполномоченном органе по товарным биржам утверждается Правительством Республики Казахстан.

      Сноска. В статью 23 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 .

Статья 24. Функции уполномоченного органа по товарным биржам

Функциями уполномоченного органа по товарным биржам являются:

выдача биржевых лицензий;

ведение реестра товарных бирж;

контроль за соблюдением законодательства о биржах;

изучение деятельности бирж и развития биржевой торговли;

разработка методических рекомендации по подготовке биржевых документов;

утверждение типовых правил биржевой торговли.

      Сноска. В статью 24 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 .

Статья 25. Права уполномоченного органа по товарным биржам

1. Уполномоченный орган по товарным биржам вправе:

разрабатывать и представлять в Правительство Республики Казахстан предложения по совершенствованию действующего законодательства о товарных биржах;

применять к бирже санкции в случае нарушения ею настоящего Закона в виде приостановки или аннулирования биржевой лицензии;

назначать государственного инспектора на биржу;

организовывать проверки финансово-хозяйственной деятельности бирж и участников биржевых торгов;

направлять в суд материалы для применения санкций к биржам и их членам, нарушившим действующее законодательство, а в случае обнаружения признаков преступления передавать материалы в правоохранительные органы.

2. Уполномоченному органу по товарным биржам, его должностным лицам и служащим запрещается разглашать информацию о деятельности товарных бирж, биржевых брокеров и участников биржевой торговли, содержащую коммерческую тайну, за исключением случаев, предусмотренных действующим законодательством .

      Сноска. В статью 25 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 .

Статья 26. Полномочия государственного инспектора на товарной бирже

Государственный инспектор на бирже осуществляет непосредственный контроль за соблюдением биржей и участниками биржевых торгов действующего законодательства и имеет право:

присутствовать на торгах, организуемых биржей;

участвовать в общих собраниях учредителей биржи, ее секций (отделов, отделений) с правом совещательного голоса;

знакомиться с информацией о деятельности биржи, включая все протоколы собраний и заседаний органов управления и контроля биржи и их решения;

вносить предложения и делать представления руководству биржи;

вносить предложения и рекомендации в уполномоченный орган по товарным биржам;

осуществлять контроль за исполнением биржей и ее членами решений уполномоченного органа по товарным биржам.

      Сноска. В статью 26 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 .

Статья 27. Гарантии самостоятельности товарной биржи

1. Не допускается вмешательство органов государственной власти и управления в деятельность бирж, за исключением случаев, предусмотренных действующим законодательством.

2. Органы государственного управления, а также их должностные лица, действия которых повлекли за собой неисполнение биржевых сделок или нанесение ущерба участникам сделки, несут ответственность в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Статья 28. Налогообложение товарных бирж и участников биржевых торгов

Налогообложение бирж и участников биржевых торгов, а также других участников биржевой торговли осуществляется в порядке, установленном действующим законодательством Республики Казахстан.

Статья 29. Учет и статистическая отчетность товарных бирж

1. Биржа ведет бухгалтерский учет, составляет финансовую и статистическую отчетность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

2. Формы статистической отчетности и порядок ее представления биржами, устанавливаются органами государственной статистики.

3. Должностные лица биржи несут установленную законодательством ответственность за искажение государственной статистической отчетности.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции Закона РК от 2 июня 1997 г. N 115 .
      Настоящий Закон вступает в силу со дня опубликования.

Президент


Республики Казахстан