1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы 2018 жылғы 9 қарашада Петропавлда жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
"Байқоңыр" кешенін пайдалану тиімділігін арттырудағы өзара мүдделілікті растай отырып,
2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федераңиясы арасындағы "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің 6-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына (бұдан әрі - Шарт) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Шарттың 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап
Жалға беру мерзімі
"Байқоңыр" кешені 2050 жылға дейін жалға беріледі.".
2-бап
Осы Хаттама Шарттың 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2018 жылғы "9" қарашада Петропавл қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін |