Қазақстан Республикасының тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы 1995 жылғы 19 мамырдағы N 2286. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастықты 
неғұрлым тиiмдi жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
     1. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құрылсын. 
     2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықтан 
туындайтын қажеттi ұйымдық шараларды жүзеге асыратын болсын.
     3. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады