"Қазақстан Республикасының төменгi соттарын қалыптастыру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2125 Жарлығының 1-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
1. Мыналар облыстық соттар төрағаларының орынбасарлары және облыстық соттардың мүшелерi мiндетiнен мерзiмiнен бұрын босатылсын:
Жүкенов Әбдiрашит Төлегенұлы - Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мүшесiнiң мiндетi жүктелуiне байланысты;
Зуев Алексей Сергеевич - Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасынан тысқары кетуiне байланысты өз тiлегi бойынша;
Жүсiпов Наурызбай Кәрiмұлы - Көкшетау облыстық сотының мүшесi, Қазақстан Республикасынан тысқары кетуiне байланысты өз тiлегi бойынша;
Ромазанова Людмила Деонизовна - Маңғыстау облыстық сотының мүшесi, облыстан тысқары кетуiне байланысты өз тiлегi бойынша;
2. Облыстық соттардың төрағалары орынбасарларының мiндеттерi мыналарға жүктелсiн:
Шығыс Қазақстан - Кизаметдинов Виктор Николаевич пен
Нұрашева Бибi Файзұлақызына, бұлар
осы соттың мүшелерi мiндетiнен
босатылсын;
Манғыстау - Шиняев Нұрғожа Қыдырханұлына:
Семей - Шалабаева Раиса Михайловнаға, ол осы
соттың мүшесi мiндетiнен босатылсын;
облыстық соттар мүшелерiнiң мiндетi:
Шығыс Қазақстан - Кәкiмжанов Мартпек Әшiмұлына;
Талдықорған - Құншаев Нұрбатыр Серғалиұлына;
Алматы қалалық соты мүшелерiнiң мiндетi:
- Жанғазин Ербол Әмiрғалиұлына;
- Мәдiбаева Зейнебике Орынбасарқызына;
- Мұсина Гүлжахан Мәдиқызына жүктелсiн.
3. Шығыс Қазақстан облыстық сотының төралқа мүшелерi болып:
- Кривихина Татьяна Григорьевна;
- Нұрмұханова Ләзат Қабденқызы
бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi