Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 6 қыркүйектегі N 2454.

      Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Қазақстан Республикасының Президенті ұсынып, оны халық 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылдады. Республикалық референдум қорытындыларының ресми түрде жариялануына және Конституцияның 1995 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясы жариялансын.

      2. 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Президентінде сақталатын болып белгіленсін.

      3. Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінінің мәңгілік сақтау үшін Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне берілсін.

      4. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады