1. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер 1995 жылғы қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан запасқа шығарылсын.
2. 1995 жылғы қазан-желтоқсанда шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейiнгi қалдыру құқы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейiнгi қалдыру құқынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне қызметке шақырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, жергiлiктi атқару органдарының басшылары жергiлiктi өкiлдi органдармен бiрлесiп облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етсiн, сондай-ақ шақыруды ұйымдасқан түрде өткiзу және мерзiмдi әскери қызметiн өткеруге шақырылған азаматтарды әскерге жөнелту жөнiнде қажеттi шараларды қолданатын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Бас прокуратурамен бiрлесiп, мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан жалтарған адамдарды iздестiру және оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдансын.
Қазақстан Республикасының Президентi