"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 қарашадағы N 2606 Заң күшi бар жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 4-бапта:

      үшiншi бөлiгiндегi "мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына" сөздерi "мемлекеттiк органдарға" сөздерiмен алмастырылсын;

      төртiншi бөлiгiндегi "мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелер" сөздерi "мемлекеттiк органдар" сөздерiмен алмастырылсын.

      2. 5-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Әскери қызметшiлер партиялардың, кәсiптiк одақтардың қатарында болмауға, қандай да бiр партияны жақтамауға тиiс".

      3. 8-бапта:

      алтыншы бөлiгiндегi "халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерi" сөздерi "атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын;

      сегiзiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi немесе Президентi" сөздерi "Қазақстан Республикасының заңдары" сөздерiмен алмастырылсын.

      4. 9-бапта:

      тоғызыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге көтермелеу түрiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпыәскери жарғыларында белгiленген тәртiппен қысқа мерзiмдi демалыс берiледi";

      оныншы бөлiгi алынып тасталсын.

      5. 11-бапта:

      бiрiншi бөлiгiндегi "Қазақ КСР-iндегi меншiк туралы" Қазақ КСР Заңына" сөздерi "Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына" сөздерiмен алмастырылсын;

      алтыншы бөлiгiндегi "жергiлiктi мемлекеттiк өкiмет және басқару органдары" сөздерi "атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын, "және халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерi" сөздерi алынып тасталсын.

      6. 12-бапта:

      екiншi, төртiншi, сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерiндегi "жергiлiктi мемлекеттiк өкiмет және басқару органдары" сөздерi "атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын.

      он екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқалары) қызмет өткерген жылдарына қарамастан, сондай-ақ әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына, штаттың қысқаруына байланысты босатылған 20 және одан да көп қызмет өткерген жылдары бар адамдар отбасы мүшелерiмен тұратын бүкiл тұрғын үй алаңына, коммуналдық қызметке, отынға және мемлекеттiк, ведомстволық, жекешелендiрiлген үйлердi пайдалануға кететiн шығындарға, сондай-ақ пәтерiне телефон орнатып, пайдаланғанына ақыны 50 проценттен аспайтын мөлшерде төлейдi".

      7. 13-баптың жетiншi бөлiгiндегi "адамдарға" сөзi "әскери қызметшiлерге" сөздерiмен алмастырылсын.

      8. 14-баптың тоғызыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери оқу


      орындарының стипендия алатын курсанттарына (тыңдаушыларына)

      мынадай жағдайларда:

      осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделгендей жағдайда: - ең

      төменгi 500 жалақы мөлшерiнде;

      осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделгендей жағдайда;

      I-топтағы мүгедекке ең төменгi 250 жалақы мөлшерiнде;

      II-топтағы мүгедекке ең төменгi 150 жалақы мөлшерiнде;

      III-топтағы мүгедекке ең төменгi 50 жалақы мөлшерiнде;

      осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделгендей жағдайда: ауыр

      жарақат үшiн ең төменгi 12 жалақы мөлшерiнде, жеңiл жарақат үшiн

      ең төменгi 4 жалақы мөлшерiнде сақтандыру сомалары төленедi".

      II. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      Үкiметтiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрiлсiн;

      министрлiктер мен ведомстволардың осы Жарлыққа қайшы келетiн

      өз нормативтiк актiлерiн қайта қарауын және күшiн жоюын

      қамтамасыз етсiн.

      III. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады