Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 13 қарашадағы N 2630. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120  U952120_  Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заң күшi бар N 2371  U952371_  Жарлығына сәйкес қаулы етемiн: 
      1. "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 8 тамыздағы N 2400 қаулысына сәйкес берiлiп келген әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi әскери қызметшiлерден басқаларының) және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарының лауазымдық жалақылары мен әскери атақтары және арнаулы әскери атақтары бойынша жалақыларына 1995 жылғы 1 қазаннан бастап 1,07 түзетiлген есеп айырысу коэффициентi қолданылсын. 
      2. Қызметте тұрған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының осы Жарлыққа сәйкес өсiрiлген лауазымдық жалақылары мен әскери атақтары бойынша және арнаулы әскери атақтары бойынша жалақыларына қарай бұрын тағайындалған зейнетақылары 1995 жылғы 1 қазаннан бастап қайта есептелсiн. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi

      

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады