"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге
уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Заңының
1-бабына сәйкес қаулы
етемiн:
1. "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы"
1992 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 3,
47-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
34-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
"Азаматтарды мiндеттi медициналық сақтандыру мәселелерi
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеледi";
35, 36, 37-баптар алынып тасталсын.
2. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi