Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы ережеге толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 қарашадағы N 3730 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы N 607 Жарлығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.06.03 N 607 Жарлығымен.

      Қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 қаңтардағы N 2742 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы ереженiң 3-тармағының 6-тармақшасы "штат санын бекiтедi" деген сөздерден кейiн "Күзет қызметiнiң еңбекке ақы төлеу қоры мен бюджеттен тыс қаражатының шегiнде қызметтiк үй-жайларды, ғимараттар мен әлеуметтiк-тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналған объектiлердi пайдалану, күзету және қызмет көрсету жөнiндегi жұмысшылар мен қызметкерлер санын белгiлейдi" сөздерiмен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады