Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.06.03 N 607 Жарлығымен.
Қаулы етемiн:
I. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 қаңтардағы N 2742 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
3)-9) тармақшалар тиiсiнше 2)-8)-тармақшалар деп саналсын;
10) тармақша 9) тармақша деп саналсын және одан "және Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының" сөздерi алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жаңа 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) Күзет қызметiнiң штаттан тыс жедел қызметкерлерi ретiнде азаматтарды ерiктi негiздерде тартады";
11) Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында олардың келiсiмiмен мiндеттi әскери қызметте қалдыра отырып, мемлекеттiк органдар мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардағы штаттық қызметтердi атқаруға белгiленген тәртiппен жiбередi";
11) тармақша 12) тармақша деп саналсын.
2. 3-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "оның орынбасарлары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. Күзет қызметi бастығының бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Күзет қызметi бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады";
16) тармақшада "лауазымдық жалақыларды" сөздерi алынып тасталсын.
3. 5-тармақта "Кеңес мүшелерi өз кезегiне Республика Президентiне өз пiкiрiн хабарлай алады" сөздерi алынып тасталсын.
4. 6-тармақта "Күзет қызметiнде офицер жиналысы республикалық ұланмен бiрлесiп те, бөлек те өткiзiлуi мүмкiн" сөздерi алынып тасталсын.
II.
<*>
Ескерту. II-тармақ күшін жойды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.05.12
N 392
Жарлығымен.