Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 23 қаңтар N 2789

      Қаулы етемiн:
      1. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасына сiңiрген ерекше еңбегi үшiн дербес зейнетақы белгiлеу жөнiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанынан құрылған Комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 31 қаңтардағы N 591 қаулысы;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы белгiлеу жөнiндегi Комиссияның құрамын iшiнара өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 12 ақпандағы N 1108 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы белгiлеу жөнiндегi Комиссияның құрамындағы өзгерiстер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 маусымдағы N 1769 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы белгiлеу жөнiндегi Комиссияның құрамын iшiнара өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1873

қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 31 қаңтардағы
N 591 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1995 жылғы 22 мамырдағы N 2295 қаулысы;
     II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады