1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай актiлерiнiң күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн жариялау және күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 10 маусымдағы N 1725 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 21, 207-құжат);
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимылы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 12 қыркүйектегi N 1862 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 38, 411-құжат).
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi