1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы (бұдан былай - Мемлекеттiк хатшы) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды адамы болып табылады.
2. Мемлекеттiк хатшы өзiнiң қызметiн тiкелей Қазақстан Республикасы Президентiнiң басшылығымен жүзеге асырады әрi оған есеп бередi және бақылауында болады.
3. Мемлекеттiк хатшы мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
1) Республика Президентi үшiн:
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық, аймақтық және құқықтық саясатының негiзгi бағыттары;
мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi қызмет атқаруын қамтамасыз ету;
Республиканың Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы және Республика Президентiнiң халықаралық бастамашылығын iске асыру;
Республика Үкiметiмен бiрлесiп, сыртқы экономикалық мәселелер жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
2) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:
Республиканың Парламентiмен және оның Палаталарымен, Үкiметiмен, Конституциялық Кеңесiмен, Жоғарғы Сотымен қарым-қатынаста оның мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының атынан мемлекетаралық келiссөздер жүргiзедi;
3) мемлекет басшысының кадр саясатын әзiрлеп, iске асыруға қатысады;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң, Бас Прокуратурасының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң, Мемлекет басшысы жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметiн үйлестiредi;
5) Республика Президентi актiлерiнiң орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орындалуын бақылайды;
6) Республика Президентiнiң өзге де тапсырмаларын орындайды.
4. Мемлекеттiк хатшының қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, осы Жарлық және Президенттiң өзге актiлерi құрайды.
5. Осы Жарлық белгiлеген өкiлеттiктердi жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттiк хатшы:
1) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi болатын өкiмдер шығаруға;
2) Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен оның құрылымдық бөлiмшелерiне, Республика Президентiнiң Iс Басқармасына, Республика Үкiметiнiң Аппаратына, министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдарға, мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкiмдерiне тапсырмалар беруге;
3) Республика Парламентi мен оның Палаталарының және Үкiметiнiң барлық отырыстарына қатысуға;
4) Республиканың мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарынан барлық қажеттi ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға хақылы. Мемлекеттiк хатшының қажеттi ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдар беру жөнiндегi нұсқамалары мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар үшiн мiндеттi және, егер Мемлекеттiк хатшы өзге мерзiмдер белгiлемейтiн болса, кiдiрiссiз орындалуға тиiс;
5) осы Жарлықпен өзiнiң жүргiзуiне жатқызылған мәселелердi қарауға Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн, Президенттiң Iс Басқармасын, Үкiмет Аппаратын, министрлiктердi, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдарды, Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарды, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкiмдерiн тартуға;
6) Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу, Мемлекет басшысы алға қойған өзге де мiндеттердi шешу үшiн ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға хақылы.
6. Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң жобалары Мемлекеттiк хатшымен келiсiлуге тиiс.
7. Былай деп белгiленсiн:
1) Мемлекеттiк хатшының жалақысын Республика Премьер-Министрiнiң ұсыныс бойынша Мемлекет басшысы өзi бекiтетiн Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен олардың еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне сәйкес белгiлейдi;
2) Мемлекеттiк хатшыны тұрғын жаймен қамтамасыз етудi, медициналық, көлiкпен қамтуды, санаториялық-курорттық емдеудi Республика Президентiнiң Iс Басқармасы жүзеге асырады;
3) Мемлекеттiк хатшыны күзетудi, оны байланыстың арнаулы құралдарымен қамтамасыз етудi Республика Президентiнiң Күзет қызметi жүзеге асырады.
4) хаттамалық жағынан жоғарылығын анықтаған кезде Мемлекеттiк хатшының лауазымы Республика Премьер-Министрiнiң лауазымынан кейiн тұрады.
8. Мемлекеттiк хатшының қызметiн ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-талдау және құжаттамалық қамтамасыз етудi оның хатшылығы (көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң тобы) жүзеге асырады, ол Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады және
өзiнiң қызметiнде Мемлекеттiк хатшыға тiкелей бағынады. 9. Республиканың Үкiметi, Президенттiң Әкiмшiлiгi, Президенттiң Iс Басқармасы, Президенттiң Күзет қызметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде шаралар қолданатын болсын. 10. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi