Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1996 жылдың сәуiр-маусымында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2919

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының Z939000_ 13-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер 1996 жылдың сәуiр-маусымында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары қатарынан запасқа шығарылсын.
      2. Шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейiнге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейiнге қалдыру құқығынан айрылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына 1996 жылдың сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етсiн, шақыруды ұйымдасқан түрде өткiзу және мерзiмдi әскери қызметiн өткеру үшiн шақырылған азаматтарды әскерлерге жөнелту жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Мемлекеттiк тергеу комитетi Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен бiрлесiп, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды iздестiру және оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдансын.
      5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
        Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады