"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы N 2680 U952680_ Жарлығымен бекiтiлген 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасына мынадай ережелер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Құрылымдық-институционалдық өзгерiстер" деген II бөлiмiнiң
11.2 тарауының он үшiншi абзацындағы алғашқы екi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"1996 жылы тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерiнiң осы қызметтердi көрсететiн ұйымдардың шығасыларын жабатын деңгейiне дейiн кезең-кезеңiмен көшудi қамтамасыз ету көзделiп отыр";
"Әлеуметтiк саясат" деген IV бөлiмнiң IV.4.3. параграфының он бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкiмет 1996 жылы тиiстi нормативтiк база әзiрлеп, бiр мезгiлде халықтың аз қамтылған жiктерiне атаулы тұрғын үй жәрдем ақыларын беру жүйесiн енгiзе әрi меншiк иелерiнiң кооперативтерiн құра отырып, тұрғын-үй саласын дотациясыз жұмыс iстеу режимiне толық көшiрудi көздеп отыр".
Қазақстан Республикасының Президентi