"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығымен белгiленген лауазымдар санаттарына мемлекеттiк қызметшiлердiң жекелеген лауазымдарын жатқызу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 14 қыркүйек N 3117. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.12.29. N 318 жарлығымен. ~U990318

      Қаулы етемiн:
      1. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 U952730_ Заң күшi бар Жарлығының 8-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының мынадай санаттарына төменде аталған лауазымдар жатқызылсын:
      1) жоғары санатқа - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi төрағаларының;
      2) бiрiншi санатқа - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Бiрiншi көмекшiсiнiң; Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комиссиясының аппараты басшысының - төрағасының бiрiншi орынбасарының; Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесi мүшелерiнiң лауазымдары;
      3) екiншi санатқа - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi, Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мүшелерiнiң; Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi директорының; Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комиссиясының бөлiм меңгерушiлерiнiң лауазымдары;
      4) үшiншi санатқа - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк кеңесi Хатшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жоғары экономикалық кеңес төрағасы орынбасарының; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасы әкiмдерiнiң аппараттары басшыларының; Қазақстан Республикасының Президентi Архивiнiң директоры орынбасарының; Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комиссиясы Төрағасының бiрiншi орынбасары кеңесшiсiнiң, бөлiм меңгерушiлерi орынбасарларының, сектор меңгерушiлерiнiң лауазымдары;
      5) төртiншi санатқа - министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың департаменттерi, агенттiктерi, комитеттерi, басқармалары құрамындағы бөлiмдер бастықтарының; Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есептi мемлекеттiк органдардың бөлiм бастықтары орынбасарларының, сектор меңгерушiлерiнiң; Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комиссиясының бас және аға сарапшыларының, консультанттарының, сарапшыларының, аға референттерiнiң, референттерiнiң лауазымдары;
      6) бесiншi санатқа - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есептi мемлекеттiк органдардың департаменттерi, агенттiктерi, комитеттерi, басқармалары құрамындағы бөлiмдер бастықтары орынбасарларының; аға референттерiнiң, референттерiнiң, министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, сондай-ақ Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың сектор меңгерушiлерiнiң;
      7) алтыншы санатқа - аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң аппараттары басшыларының; ауыл, село, поселке, селолық округтер әкiмдерiнiң; министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, сондай-ақ үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың аға мамандарының, мамандарының; аудандық, облыстық бағыныстағы қалалық, қалалардағы аудандық жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiм бастықтарының, бөлiм бастықтары орынбасарларының; департаменттердiң, агенттiктердiң, комитеттердiң, басқармалардың сектор меңгерушiлерiнiң,

 

консультанттарының, аға референттерiнiң, референттерiнiң, жетекшi

және аға мамандарының лауазымдары.



     ЕСКЕРТУ. 1-тармағына 1), 2), 3), 6), 7)-тармақшаларына өзгерiс

              енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.07.01. N 3575

              жарлығымен. 


U973575_



     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады