Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құру туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 9 қазан N 3127. Атауы мен мәтiнiнде сөздер өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1999.03.31. N 104 жарлығымен. ~U990104 Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.07.28. N 421 жарлығымен. ~U000421

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Астана қаласының әкiмшiлiк-аумақтық шекарасы шегiнде 2010

жылға дейiнгi кезеңге Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы
құрылсын.
<*>

     2. Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
<*>

     3. Осы Жарлық 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi
                                       Қазақстан Республикасы
                                      Президентiнiң 1996 жылғы
                                         9 қазандағы N 3127
                                           Жарлығымен
                                           Бекiтiлген

             Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы туралы
                                 ЕРЕЖЕ
<*>




      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi, Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құрудың мақсатын, оның аумағында шаруашылық қызмет жүргiзудiң құқықтық негiздерiн, экономикалық шарттары мен принциптерiн, Астана АЭА Әкiмшiлiк кеңесiнiң өкiлеттiгiн айқындайды, оның аумағында тiркелген және (немесе) қызмет атқаратын меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдарға қолданылады. <*>

             I. Жалпы ережелер

      1. Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - Астана АЭА) Астана қаласының әкiмшiлiк-аумақтық шекарасының шегiнде орналасқан. <*>
      Астана АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады. <*>
      2. Астана АЭА инвестициялар тарту және шаруашылық жүргiзудiң осы заманғы әдiстерiн, озық технологияларды пайдалану, кәсiпкерлiк қызметтi жандандыру, тиiмдiлiгi жоғары экспортқа бағдарланған өндiрiстер құру, жаңа өнiм түрлерiн шығаруды игеру, шет елдермен ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты интенсивтендiру, осы заманғы өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдар құру жолымен Астана қаласын жедел дамыту мақсатында құрылды. <*>
      3. Астана АЭА Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығының, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың ерекше құқықтық режимiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде өзге де заңдардың негiзiнде iс-қимыл жасайды. <*>
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдардағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      4. Астана АЭА аумағында ерекше құқықтық режим 2010 жылға дейiнгi кезеңге белгiленедi. <*>
      5. Астана АЭА-ның құқықтық режимi өзгерген немесе аумағының өзгеруiн қоса алғанда, ол мерзiмiнен бұрын таратылған жағдайда, оның аумағында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге АЭА құрылған мерзiм бiткенше, бiрақ он жылдан аспайтын уақытқа инвестицияларды салу сәтiнде сай келетiн шарттармен осындай қызметтi жалғастыру құқығына кепiлдiк берiледi.
      Оның мерзiмi АЭА-ның құқықтық режимiнiң күшi жойылған немесе өзгертiлген күннен бастап есептеледi.
      Шетелдiк инвестициялар тартудың кез келген нысаны мен оларды пайдалануға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған қызмет Астана АЭА аумағында қолайлылығы жағынан Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына берiлгеннен кем болмайтын жағдайда жүзеге асырылады. <*>

             II. Астана АЭА-ын басқару <*>

      6. Астана АЭА аумағында басқару функциясын Әкiмшiлiк кеңес жүзеге асырады, кеңестi республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, АЭА аумағында тiркелген заңды тұлғалардың өкiлдерiнен оның төрағасы құрады. <*>
      7. АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi заңды тұлға болып табылады.
      8. Әкiмшiлiк кеңестi сонымен бiр мезгiлде Астана қаласының әкiмi

болып табылатын төраға басқарады.
<*>

     9. Әкiмшiлiк кеңестiң төрағасы:
     аймақты басқару құрылымы мен схемасына сәйкес Әкiмшiлiк кеңесi
аппаратының және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң штатын қалыптастырады;
     Әкiмшiлiк кеңестiң шешiмдерiне қол қояды, өкiмдер қабылдайды;
     мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан
заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Әкiмшiлiк кеңестiң атынан
өкiлдiк етедi;
     Әкiмшiлiк кеңестiң мүлкi мен ақшалай қаражатына иелiк етедi;
     Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де 
мiндеттердi атқарады.
     10. Әкiмшiлiк кеңесiнiң орналасқан жерi:
     Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
<*>


            III. Әкiмшiлiк кеңестiң өкiлеттiктерi

     11. Астана АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi:
<*>

     АЭА-ның даму стратегиясы мен бағдарламасын әзiрлейдi және оны
iске асырады;
     АЭА-ның бюджетiн қалыптастырады, бюджет қаражатын пайдалану
бағыттарын айқындайды;


      АЭА-ын дамыту және оны құрғандағы мақсатқа жету үшiн отандық және шетелдiк инвестициялар мен кредит қаражатын тартуды жүзеге асырады;
      АЭА-ның аймағындағы экономикалық, әлеуметтiк және мәдени қызметтiң бағыттарын айқындайды;
      АЭА-ның құқықтық режимiн өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
      АЭА-нан тысқары жерлерде Әкiмшiлiк кеңестiң өкiлдiктерiн ашу туралы шешiмдер қабылдайды;
      АЭА-ның аумағында қызметiн жүзеге асырушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынастарын реттеуге жәрдемдеседi;
      жердi пайдалану, АЭА-ның аумағында орналасқан үйлер мен ғимараттарды жалдау, сондай-ақ инфрақұрылым объектiлерiн жеңiлдiкпен пайдалану мәселелерi жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      АЭА-ның аумағына келу және АЭА-ның аумағынан кету жөнiнде рұқсат беру функцияларын атқаратын органдардың қызметi үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;
      АЭА-ның қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасады;
      АЭА-ның басқару схемасы мен құрылымын, сондай-ақ Әкiмшiлiк кеңес пен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң аппараты сандық құрамын айқындайды;
      нысаналы қаржы қорларын, соның iшiнде АЭА-ның әлеуметтiк-экономикалық даму қорын құрады, сондай-ақ оларды қалыптастыру көздерiн айқындайды;
      ақылылық шартымен табиғаттың арнайы пайдаланылуын ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы шаруашылық қызметтi реттеу тәртiбiн белгiлейдi;

     Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     12. Әкiмшiлiк кеңес өз құзыретi шегiнде Астана АЭА аумағында
iс-қимыл жасайтын барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн
мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
<*>

     13. Әкiмшiлiк кеңестiң Астана қаласының мәслихатымен өзара
қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және
атқарушы органдар туралы заңдарымен реттеледi.

            IV. Қаржы

     14. Астана АЭА-ның бюджетi сонымен бiр мезгiлде Астана қаласының
бюджетi болып табылады.
<*>

     АЭА бюджетiн оның Әкiмшiлiк кеңесi қалыптастырады.


      АЭА аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген заңды және жеке тұлғалар төлейтiн жалпымемлекеттiк және жергiлiктi салықтар мен алымдар Астана АЭА бюджетiнiң кiрiсiне есептеледi. <*>
      Арнайы қорларға жасалатын қолданылып жүрген заңдарда көзделген төлемдер АЭА бюджетiн қалыптастыру көзi бола алмайды.
      Астана АЭА бюджетiнiң жоғары тұрған бюджетпен өзара қарым-қатынасы АЭА бюджетiне түскен түсiмдердiң жалпы сомасынан жасалатын аударымдардың ұзақ мерзiмдi тұрақты нормативi арқылы айқындалады. <*>
      Жыл сайынғы аударымдар нормативi 1997 жылға - 40%, 1998 жылға - 40%, 1999 жыл мен Астана қаласы АЭА қызметiнiң барлық кейiнгi кезеңiне 50% мөлшерiнде белгiленедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгердi - ҚР Президентiнiң 1998.03.19. N 3872
               жарлығымен. U983872_
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақтың 6-абзацы жаңа редакцияда - ҚР
               Президентiнiң 1999.03.31. N 104 жарлығымен. U990104_

      15. Астана АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi АЭА-ның инвестициялар қорын әрi экономикалық және әлеуметтiк даму қорын (бұдан былай - АЭА-ның нысаналы қаржы қорлары делiнедi) құрады. <*>
      АЭА-ның нысаналы қаржы қорлары бюджеттiң бос қаражаты, аударымдар мен салықтық емес сипаттағы алымдар, саудаластықтар, аймақтық лотереялар, займдар өткiзуден түскен кiрiстер, заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен құралады.

     АЭА-ның нысаналы қаржы қорларының қаражаты заңдарда белгiленген
тәртiппен бюджеттен тыс шоттарда жинақталады әрi Астана АЭА-ның және
Қазақстан Республикасының жаңа астанасының даму бағдарламасында
көзделген шараларды қаржыландыруға жұмсалады. Нысаналы қаржы
қорларының қаражатына иелiк етушi Ақмола АЭА-ның Әкiмшiлiк Кеңесiнiң
Төрағасы болып табылады.
<*>


            V. Банк қызметi

     16. Астана АЭА-ның аумағында банк қызметi Қазақстан
Республикасының банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
<*>

     17. Шетел инвесторлары Астана АЭА-ның аумағындағы банктерде
Қазақстан Республикасының банктер мен валюталық реттеу туралы
заңдарына сәйкес ұлттық және шетелдiк валютада шоттар ашуға хақылы.
<*>


            VI. Салық салу

     18. Астана АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан
Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
<*>

     АЭА-ның аумағында тiркелген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге
Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық салудың
жеңiлдiктi режимi қолданылады.

            VII. Кедендiк реттеу



      19. Астана АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес еркiн кеден аймағы режимi қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс тұрған аумақ ретiнде қарастырылады. <*>
      20. Астана АЭА-ның аумағындағы кедендiк бақылауды Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiне енетiн кеден қызметi жүзеге асырады. <*>
      21. АЭА-ның аумағына әкелiнетiн және осы аумақтан әкетiлетiн тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендiк ресiмдеуге және кедендiк бақылауға жатады.
      22. Астана АЭА-ның аумағына шетел және Қазақстан тауарлары әкелiнген кезде кеден бажы мен салық алынбайды және экономикалық саясат шаралары қолданылмайды. <*>
      23. Толығымен Астана АЭА-ның аумағында өндiрiлген немесе кеден заңдарында белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi түрде қайта өңдеуден өткiзiлген тауарларға оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспортқа шығарған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелген кезде кеден бажы алынбайды және экономикалық саясат шаралары қолданылмайды. <*>
      24. Тауарларды Астана АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкеткен кезде және тауарларды Астана АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкеткен кезде тауарлардың шыққан жерiне қарай кеден бажы мен салық алынады және экономикалық саясат шаралары қолданылады. <*>
      Тауарларды Астана АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелген кезде белгiленген нысандағы тауардың шығарылған жерi туралы сертификаты болса, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағында өндiрiлген тауарларға кеден бажы салынбайды. <*>

             VIII. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және олардың
                            қызметiн лицензиялау

      25. Астана АЭА-ның аумағында құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. <*>
      26. АЭА-ның аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар меншiк нысанына қарамастан мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi оларға заңды тұлға құқығы берiлмей есептiк тiркеуге алуға жатады.
      27. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм), "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына және мемлекеттiк тiркеу мәселелерiн реттейтiн басқа да актiлерге сәйкес жүргiзiледi.
      28. Астана АЭА-ның аумағында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асыратын қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. <*>

             IХ. Шетел азаматтарының Астана АЭА-да болу тәртiбi <*>

      29. Астана АЭА-ның аумағында шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының келуi, кетуi, транзитi және болуы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдерде белгiленген тәртiп қолданылады. <*>
      30. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының Астана АЭА-ның аумағына келуiн, кетуiн, транзитiн және болуын ресiмдеу үшiн орталық атқарушы органдар өздерiнiң тиiстi бөлiмшелерiн құрады. <*>

             Х. Қорытынды ережелер

      31. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.
      32. Астана АЭА-ы құрылған мерзiмi өткеннен кейiн таратылады. <*>
      33. Астана АЭА-ы "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығында көзделген негiздер бойынша таратылады. <*>
      34. Астана АЭА-ы құрылған мерзiмi өткеннен кейiн таратылатын жағдайда оның Әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Президентiне өзiнiң қызметi туралы есебiн, ал тиiмдi деп тапқан жағдайда - қосымша мерзiмге АЭА-ның мәртебесiн ұзарту туралы ұсынысын жолдайды. <*>
      35. Астана АЭА-ның қызмет мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне Астана АЭА-ның Әкiмшiлiк Кеңесiнiң таратылу процесiнде екенi туралы мәлiметтi енгiзу үшiн Әкiмшiлiк кеңеске мемлекеттiк тiркеу жүргiзген әдiлет органдарына оның таратылуы туралы жазбаша хабарлайды. <*>
      Сонымен бiр мезгiлде Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы жергiлiктi және орталық баспасөз органдарында Астана АЭА-ның таратылуы жөнiнде, оның Әкiмшiлiк кеңесi кредиторларының шағымдарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы хабарлама жариялайды. <*>
      Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзiлгеннен кейiн Астана АЭА-ын тарату аяқталған болып саналады. Астана АЭА-ын тарату оның қызмет мерзiмi өткен күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей аяқталуға тиiс. <*>
      36. Қазақстан Республикасының Президентi Астана АЭА-ын мерзiмiнен бұрын тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда тарату рәсiмi осы Ереженiң 34-тармағында көзделген тәртiппен жүргiзiледi. <*>

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады