"Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы N 3700 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 19 наурыз N 3872. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.07.28. N 421 жарлығымен. ~U000421

      "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы N 3700 U973700_ Жарлығына сәйкес және бюджет жүйесiнiң теңгермелiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 9 қазандағы N 3127 Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 41, 383-құжат) бекiтiлген Ақмола арнайы экономикалық аймағы туралы ереженiң "Қаржы" деген IV тарауының 14-тармағы алтыншы абзацының күшi тоқтатыла тұрсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтың 1-тармағы күшiнде болатын кезеңге Ақмола арнайы экономикалық аймағының бюджетiнен жасалатын аударымдардың мөлшерiн белгiлесiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады