Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жоғары экономикалық кеңестiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 7 ақпан N 3350. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997.11.03. N 3723 жарлығымен. ~U973723

      "Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Жоғары экономикалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 2946 U962946_ Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Мыналар бекiтiлсiн:

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жоғары
экономикалық кеңестiң құрамы (қоса берiлiп отыр);
     Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жоғары
экономикалық кеңес туралы Ереже (қоса берiлiп отыр).
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
                                     Қазақстан Республикасы
                                          Президентiнiң
                                     1997 жылғы 7 ақпандағы
                                       N 3350 Жарлығымен
                                           бекiтiлген

           Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
                   Жоғары экономикалық кеңестiң
                            ҚҰРАМЫ

     Назарбаев Н.Ә.           - Қазақстан Республикасының
                                Президентi, Жоғары экономикалық
                                кеңестiң Төрағасы
     Өтембаев Е.Ә.            - Жоғары экономикалық кеңес
                                Төрағасының орынбасары
     Оразбақов Ғ.I.           - Жоғары экономикалық кеңес
                                Хатшылығының меңгерушiсi, Жоғары
                                экономикалық кеңестiң хатшысы

             Жоғары экономикалық кеңестiң мүшелерi:

     Әзiмов Р.Ж.              - Қазақстан халықаралық агроөнеркәсiп
                                биржасының президентi
     Дүйсенов Д.Т.            - Қазақстан Республикасы
                                Премьер-Министрiнiң орынбасары
     Жандосов О.Ә.            - Қазақстан Республикасы
                                Ұлттық Банкiнiң Төрағасы
     Кәкiмжанов З.Х.          - Қазақстан Республикасы Халықтық
                                Банкiнiң Төрағасы
     Кенжеғозин М.Б.          - Қазақстан Республикасының Ғылым
                                министрлiгi - Ғылым Академиясы
                                Экономика институтының директоры
     Марченко Г.А.            - Қазақстан Республикасының Құнды
                                қағаздар жөнiндегi ұлттық
                                комиссиясының Төрағасы
     Мыңбаев С.М.             - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                министрiнiң орынбасары
     Нәрiбаев К.Н.            - Әл-Фараби атындағы Қазақ
                                Мемлекеттiк ұлттық университетiнiң
                                ректоры
     Петрофф Дж.              - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                                жанындағы Қазақстан Менеджмент,
                                Экономика және Болжамдау
                                институтының атқарушы директоры
     Радостовец Н.В.          - Қазақстан Республикасы Баға және
                                монополияға қарсы саясат жөнiндегi
                                мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы
     Тәжин М.М.               - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                                Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары-
                                Президент Әкiмшiлiгiнiң Талдау
                                және стратегиялық зерттеулер
                                орталығының жетекшiсi
     Школьник В.С.            - Қазақстан Республикасының Ғылым
                                министрi - Ғылым Академиясының
                                президентi
     Шүкеев Ө.Е.              - Қазақстан Республикасының
                                Экономика министрi


                                     Қазақстан Республикасы
                                          Президентiнiң
                                     1997 жылғы 7 ақпандағы
                                       N 3350 Жарлығымен
                                           бекiтiлген

           Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
                 Жоғары экономикалық кеңес туралы
                             ЕРЕЖЕ

                      I. Жалпы ережелер



      1. Жоғары экономикалық кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Жоғары экономикалық кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

             II. Жоғары экономикалық кеңестiң негiзгi мiндеттерi

      3. Жоғары экономикалық кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      1) стратегиялық сипаттағы әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      2) Мемлекет басшысы үшiн экономиканың, оның негiзгi салалары мен секторларының жай-күйi туралы баяндамалар мен талдау материалдарын даярлау;
      3) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      4) шет елдерде, соның iшiнде өтпелi экономикасы бар елдерде, экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжiрибесiн зерделеу және оны Қазақстанда қолдану жөнiнде ұсыныстар даярлау;
      5) мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар даярлау;
      6) Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де мiндеттер болып табылады.

            III. Жоғары экономикалық кеңестiң құрамы

      4. Жоғары экономикалық кеңестiң құрамына Төраға, Төрағаның орынбасары және Жоғары экономикалық кеңестiң мүшелерi кiредi.
      5. Қазақстан Республикасының Президентi Жоғары экономикалық кеңестiң Төрағасы болып табылады. Жоғары экономикалық кеңестiң Төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, Жоғары экономикалық кеңестiң отырыстарында күн тәртiбiн бекiтедi және төрағалық етедi.
      6. Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасары болады, ол Төраға орнында болмаған кезде оның мiндеттерiн атқарады және Жоғары экономикалық кеңестiң Хатшылығына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      7. Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасарын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындап, қызметтен босатады және ол тiкелей Президенттiң басшылығымен жұмыс iстейдi.
      8. Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасары материалдық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу жағдайлары жөнiнен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарына теңестiрiледi.
      9. Жоғары экономикалық кеңестiң жеке құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      10. Жоғары экономикалық кеңестiң мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады, Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының және оның орынбасарының тапсырмаларын орындайды, мезгiл-мезгiл өз жұмысы туралы есеп берiп отырады.
      11. Жоғары экономикалық кеңестiң отырысы, егер оған мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, құқылы болады. Жоғары экономикалық кеңестiң отырыстары қажеттiлiкке қарай, әдетте, үш айда бiр рет өткiзiледi.

             IV. Жоғары экономикалық кеңестiң өкiлеттiктерi

      12. Жоғары экономикалық кеңес өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардан, министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардан, лауазымды адамдар мен ұйымдардан өз құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттiң экономикалық даму проблемаларын шешу жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды даярлау үшiн жетекшi ғалымдар мен мамандардың, соның iшiнде шетелдiк ғалымдар мен мамандардың қатысуымен ведомствоаралық комиссиялар, жұмыс топтары мен өзге де ұйымдық нысандарды құруға;
      3) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен және экономикалық ведомстволармен бiрлесiп экономика саласындағы ғылыми зерттеулердiң тақырыбын айқындауға хақылы.
      13. Жоғары экономикалық кеңестiң Мемлекеттiк елтаңба бейнесi мен мемлекеттiк және ресми тiлдерде жазылған өз атауы бар жеке бланкiсi болады.
      14. Жоғары экономикалық кеңестiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және оларға Жоғары экономикалық кеңес Төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша Төрағаның орынбасары қол қояды. Қажет болған жағдайда Жоғары экономикалық кеңестiң шешiмдерi Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiмен iске асырылуы мүмкiн.

        V. Жоғары экономикалық кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету

      15. Жоғары экономикалық кеңестiң қызметiн Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын Жоғары экономикалық кеңес хатшылығы қамтамасыз етедi.
      16. Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасары:
      1) Хатшылық жұмысының ұйымдастырылуы, өзiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен осы Ережеде белгiленген құқықтардың iске асырылуы үшiн жеке-дара жауап бередi;
      2) Хатшылық құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының уақытылы орындалуы үшiн жауап бередi;
      3) Жоғары экономикалық кеңестiң құжаттамасына қол қояды.
      17. Жоғары экономикалық кеңестiң құрылымы мен санын Кеңес Төрағасы орынбасарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтедi, Кеңес Хатшылығының қызметшiлерi Президент Әкiмшiлiгiнiң қызметшiлерi болып табылады.
      18. Жоғары экономикалық кеңес Хатшылығын Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы мен Жоғары экономикалық кеңес Төрағасы орынбасарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындап, қызметтен босататын және Хатшылықтың қызметiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын Меңгерушi басқарады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады