Қазақстан Республикасының Стратегиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 1997 жылғы 24 наурыздағы N 3424. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қаулы етемiн: 

      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiгi туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiгi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыратын
стратегиялық ресурстарға мыналар жатқызылады деп белгiленсiн:
      1) мұнай, газ, газ конденсаты кен орындары, мұнай және газ
өндiру өнеркәсiбi өнiмi;
      2) әуе кеңiстiгi, темiржолдар, телекоммуникациялар;
      3) энергия ресурстары, энергия жүйелерi;
      4) дәндi дақылдар;
      5) алтын кен орындары, алтын және басқа бағалы металдар;
      6) қара және түстi металдар кен орындары, қара, түстi және
сирек ұшырасатын металдар;
      7) уран кен орындары және уран өнiмi;
      8) минералдық шикiзат және кен-химия өнеркәсiбi өнiмдерi;
      9) магистральдық құбыр арналары.

      3. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар Агенттiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауына жан-жақты жәрдем көрсетуге мiндеттi деп белгiленсiн.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 
       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң     
1997 жылғы 24 наурыздағы 
N 3424 Жарлығымен   
Бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасының Стратегиялық
ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiгi туралы
ЕРЕЖЕ

  I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiгi (бұдан былай - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган болып табылады. 

      2. Агенттiк қызметiнiң құқықтық негiзi Республика Конституциясы, заңдары және Президентiнiң актiлерi, сондай-ақ осы Ереже болып табылады. 

      3. Агенттiк дербес шығыс сметасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы жазылған мөрi бар заңды тұлға болып табылады. 

      4. Агенттiктiң құрылымы мен штат санын Агенттiк төрағасының ұсынуы бойынша Республика Президентi белгiлейдi. 

  II. Агенттiктiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерi  

      5. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар: 
      1) стратегиялық ресурстардың пайдаланылуын бақылау; 
      2) стратегиялық ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiне баға беру, сондай-ақ стратегиялық ресурстарды пайдаланудың мемлекеттiң мүддесiне және әлемдiк тәжiрибеге сәйкестiгiне баға беру; 
      3) стратегиялық ресурстарды пайдалану өндiрiстiң дамуының әлемдiк үрдiстерiн ескере отырып талдау; 
      4) стратегиялық ресурстарды пайдалануға байланысты инвестициялар мен займдар тартуға талдау жасау; 
      5) Республика Президентiнiң тапсырмаларын орындау. 

      6. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн Агенттiкке: 
      1) өздерi белгiлеген мерзiмде Үкiметтен, өзге де мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан стратегиялық ресурстарға қатысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратуға және алдыруға; 
      2) мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк ұйымдар мен кәсiпорындар өткiзетiн стратегиялық ресурстарға қатысы бар отырыстар мен кеңестерге (соның iшiнде байқаушы кеңестер мен басқармалардың отырыстарына) қатысуға; 
      3) стратегиялық ресурстарға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тексерiстер жүргiзуге; 
      4) тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға меншiк нысанына қарамастан стратегиялық ресурстарға қатысы бар ұйымдарға тексерiс жүргiзудi тапсыруға; 
      5) тиiстi мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тексерiс жүргiзу үшiн тартуға; 
      6) тексерiстер кезiнде тиiстi мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың басшыларынан, өзге де лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша түсiнiктемелер, құжаттар, анықтамалар мен өзге де материалдар алуға; 
      7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының стратегиялық ресурстарға қатысты мәселелер бойынша мәлiметiн тыңдауға; 
      8) Республика Президентiн тексерiлген органдар стратегиялық ресурстарға қатысты контракттар жасасу, лицензиялар беру, өзге де құқықтар мен преференциялар табыстау кезiнде анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнiнде қолданған шаралар туралы хабарландыруға және қажет болған жағдайда кiнәлi лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi туралы ұсыныстар енгiзуге; 
      9) тиiстi мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары алдында стратегиялық ресурстарды тиiмдi пайдалануға кедергi келтiретiн олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою, бұларға өзгерiстер енгiзу немесе қолдануын тоқтату туралы мәселе қоюға; 
      10) қолданылып жүрген заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Республика Президентiне ұсыныс жасауға өкiлеттiктер берiлген. 

  III. Агенттiк басшылығы  

      7. Агенттiкке Республика Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Агенттiк төрағасы басшылық етедi. 
      Агенттiк төрағасы орнында болмаған жағдайда оның мiндеттерiн департаменттердiң директорларының бiрi атқарады. 

      8. Төраға тоқсан сайын кемiнде бiр рет Агенттiк жұмысы туралы Республика Президентiнiң алдында есеп бередi. 

      9. Агенттiк төрағасы: 
      1) Агенттiктiң қызметiне басшылық етедi, Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi; 
      2) өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады, тапсырмалар бередi және олардың атқарылуын тексередi; 
      3) белгiленген құрылым мен адам санына сай штат кестесiн бекiтедi, департаменттер басшыларының мiндеттерiн бөледi, сондай-ақ агенттiк шығыстарының сметаларын әзiрлейдi; 
      4) агенттiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 
      5) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады