және Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы кейбiр өзгерiстерге байланысты қаулы етемiн: 1. Мына соттар: 1) Жезқазған, Көкшетау және Семей облыстық соттары; 2) Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Тайпақ аудандық соттары; 3) Көкшетау облысының Арықбалық, Уәлиханов, Келлер, Көкшетау, Ленинград, Рузаев, Чистополь, Чкалов аудандық соттары, Щучинск қалалық соты; 4) Қостанай облысының Жiтiқара қалалық соты; 5) Павлодар облысының Ақсу және Екiбастұз аудандық соттары таратылсын. 2. Мына соттар: 1) таратылған Семей облысының аудандық (қалалық) соттары Шығыс Қазақстан облысына; 2) таратылған Жезқазған облысының аудандық (қалалық) соттары Қарағанды облысына; 3) таратылған Көкшетау облысының аудандық (қалалық) соттары Солтүстiк Қазақстан облысына жатқызылсын. 3. Мына соттар: 1) Көкшетау облысының Қызыл ту ауданды соты Солтүстiк Қазақстан облысының Уәлиханов аудандық соты; 2) Көкшетау облысының Красноармейск аудандық соты Солтүстiк Қазақстан облысының Тайынша аудандық соты; 3) Көкшетау облысының Куйбышев аудандық соты Солтүстiк Қазақстан облысының Целинный аудандық соты; 4) Көкшетау облысының Ленин аудандық соты Солтүстiк Қазақстан облысының Ақжар аудандық соты; 5) Батыс Қазақстан облысының Чапаев аудандық соты Батыс Қазақстан облысының Ақжайық аудандық соты болып аталсын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасының Жезқазған, Көкшетау және Семей облыстық соттарын тарату, кейбiр аудандық (қалалық) соттарын басқа облыстарға жатқызу және қайта атау туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3524
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз