"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық Заң күшi бар N 2694 Жарлығының U952694_ 10-бабының 1-тармағына сәйкес және Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстерге байланысты қаулы етемiн: 1. Мына соттар: 1) Алматы облысы бойынша: Гвардия, Қапал, Кеген, Күртi, Үйгентас, Шелек аудандық соттары; 2) Атырау облысы бойынша: Балықшы аудандық соты; 3) Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Абыралы, Ақсуат, Большенарым, Мақаншы, Марқакөл, Самар, Таврия, Шар, Шұбартау аудандық соттары, Зырян және Серебрянка қалалық соттары; 4) Қарағанды облысы бойынша: Ақадыр, Жездi, Қазыбекби, Киров, Ленин, Молодежный, Тельман, Теңiз, Тоқырауын аудандық соттары, Абай қалалық соты; 5) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша: Возвышен және Преснов аудандық соттары таратылсын. 2. Шығыс Қазақстан облысының Зырян аудандық сот құрылсын. 3. Мына соттар: 1) Қарағанды облысының Мичурин аудандық соты Абай аудандық соты болып: 2) Қарағанды облысының Ульянов аудандық соты Бұқар жырау аудандық соты болып: 3) Қостанай облысының Жетiқара аудандық соты Жiтiқара аудандық соты болып аталсын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасының кейбiр аудандық (қалалық) соттарын тарату, құру және қайта атау туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 10 маусымдағы N 3541
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз