Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
"Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн барынша қолайлы жағдайлар жасау, олардың қызметiн қаржылық және ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету тетiктерiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) аумақтық жағдайларды ескере отырып, тауарлар өндiру мен қызмет көрсету түрлерi жөнiнде шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдықтарын анықтайтын болсын, бұл ретте мыналар:
- импортты алмастыратын халық тұтынатын тауарлар, құрылыс материалдарын, құрал-жабдықтардың шағын түрлерiнiң жаңа өндiрiстерiн құру және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамыту;
- қызмет көрсету саласын, бiрiншi кезекте жекеменшiк пәтер иелерiнiң кооперативтерi көрсететiн қызмет саласын дамыту;
- аграрлық кешен өнiмдерiн әрi қарай өңдеу жөнiндегi өндiрiстердi дамыту 1997-1998 жылдарда шағын кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi басымдықтары деп саналсын;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын даму басымдықтарын ескере отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелендiруi үшiн екiншi деңгейдегi банктердi ынталандыру тетiктерiн жасасын;
3) 1997 жылғы 1 қыркүйекке дейiн комиссия құрып, оған мына мәселелер жөнiндегi шешiмдердi зерделеудi және әзiрлеудi жүктейтiн болсын:
- бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың құрылымы мен қызметiн оңтайландыру;
- мемлекеттiк органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тiркеу және олардың шаруашылық қызметi кезiнде экономикалық негiзделмеген ақылы қызметтер көрсетуiн жою;
- тарифтер мен бағаларды өз бетiмен тағайындауға жол бермеу мақсатында мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтерге оларды белгiлеудiң қатаң тәртiбiн айқындау.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын даму басымдылықтарын ескере отырып, екi апта мерзiмде шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық (облыстар бойынша) бағдарламаларын жасау әдiстемесiн әзiрлеп, бекiтсiн;
2) 1997 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап облыстар мен Алматы қаласының шегiнде шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi бойынша статистикалық есептiлiктiң мiндеттi нысанын енгiзсiн:
3) облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесе отырып, халықтың импорттық тауарларды тұтынуының құрылымын айқындау үшiн, сондай-ақ жекешелендiруден кейiн қолдау мақсатында халық сұранысына жауап беретiн халық тұтынатын тауарлар өндiру мен қызметтер көрсету жөнiндегi жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк қуаттардың жай-күйi туралы арнайы тексеру жүргiзсiн;
4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тауарлар мен қызметтердiң жекелеген түрлерiн тұтыну мен өндiру рыноктарының жай-күйi туралы маркетингтiк ақпаратпен қамтамасыз етудi жақсарту, қаржыландыруға байланысты тәуекелдердi төмендету мен инвестициялар жасаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында шағын кәсiпкерлiктiң қаржыландырылатын жобалары жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн мәлiметтер базасын жасайтын болсын.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi үш ай мерзiмде тауарлар өндiру мен көрсетiлетiн қызметтердiң жаңа түрлерi мен көлемiн, қаржыландыру көздерiн, бағдарламаның әрбiр тармағы бойынша атқарылу және iске асырылу мерзiмдерiн көрсете отырып, шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1997-1998 жылдарға аймақтық бағдарламаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен келiссiн.
4. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы жоғары экономикалық кеңес осы Жарлықтың атқарылу барысы туралы тоқсанына бiр рет баяндап отыратын болсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi