"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 U952694_ Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 55-бабының 5-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртiптiк алқасы, облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 12 қарашадағы
N 3746 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртiптiк
алқасы, облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк
алқалар туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес осы Ереже тәртiптiк алқалардың мәртебесiн, құрылуы мен қызмет тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртiптiк алқасы, облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар Қазақстан Республикасының судьяларына қатысты тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар болып табылады және оларға тәртiптiк жазалар қолдану құқығына ие болады.
3. Тәртiптiк алқалар өз қызметiнде судьялардың сот төрелiгiн атқару кезiндегi тәуелсiздiгi принципiн сақтайды.
II. Тәртiптiк алқалардың құрылу тәртiбi
мен олардың өкiлеттiгi
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртiптiк алқасы Жоғарғы Соттың пленумда Қазақстан Республикасының судьялары iшiнен жасырын дауыспен екi жыл мерзiмге сайланады.
5. Облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар облыстар мен оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер судьялары мен әскери судьялардың конференцияларында облыстық, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттар судьялары iшiнен жетi адам мөлшерiнде жасырын дауыспен үш жыл мерзiмге сайланады.
Судьялар конференциясын облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары шақырады.
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, сондай-ақ осы соттардың сот алқаларының төрағалары тәртiптiк алқалардың құрамына сайлана алмайды.
7. Тәртiптiк алқалар құрамына ұсынылатын судьялар жоғары кәсiптiк бiлiктiлiгiмен, принциптiлiгiмен ерекшеленуi, заң жұртшылығы арасында беделдi болуға тиiс.
8. Тәртiптiк алқалардың құрамына енетiн судьялар алқа отырыстары өткiзiлетiн уақытқа қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады.
9. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртiптiк алқасы, облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар өздерiн сайлаған органдар алдында жылына кемiнде бiр рет және өкiлеттiк мерзiмi аяқталған кезде есеп бередi.
Тәртiптiк алқа мүшелерiнiң бiрi одан шыққан жағдайда осы Ережеде белгiленген тәртiппен бұл тәртiптiк алқа өкiлеттiгiнiң қалған мерзiмiне қосымша сайлау жүргiзiледi.
10. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртiптiк алқасы Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағаларына, облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалардың төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағаларына қатысты тәртiптiк iстердi, сондай-ақ облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалардың шешiмдерiне жасалған шағымдарды қарайды.
Облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар облыстық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларына, сондай-ақ аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттар төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты тәртiптiк iстердi қарайды.
III. Тәртiптiк алқа жұмысын ұйымдастыру және
тәртiптiк iстердi қарау мерзiмдерi
11. Өз жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшiн тәртiптiк алқа өзiнiң құрамынан ашық дауысқа салу арқылы төраға мен хатшыны сайлайды.
Тәртiптiк алқаның төрағасы мен хатшысы нақ осы тәртiппен өз
мiндеттерiн атқарудан босатылуы мүмкiн.
Мiндеттерiн атқарудан босатуға мыналар:
1) тәртiптiк алқаның отырысында тәртiптiк iстердi қарауды
тағайындау мерзiмiн бұзу;
2) тәртiптiк алқа отырыстарының шешiмдерi мен хаттамаларын
уақтылы ресiмдемеу;
3) өзiне қатысты тәртiптiк iс қаралған судьяға және тәртiптiк iс
қозғаған лауазымды адамға олар шешiмге шағым жасаған жағдайда
шешiмдердi беру мерзiмiн бұзу;
4) шешiмге шағым жасалған жағдайда тәртiптiк iстердi Жоғарғы
Соттың тәртiптiк алқасының қарауына жiберу мерзiмiн бұзу;
5) алқа төрағасы мен хатшысының жеке қалауы негiз болып табылады.
12. Тәртiптiк алқаның төрағасы:
тәртiптiк алқаның жұмысын ұйымдастырады;
алқа отырысының күнiн, уақыты мен өткiзiлетiн орнын белгiлейдi;
алқа мүшелерi iшiнен баяндамашыны белгiлейдi;
алқа отырыстарында төрағалық етедi;
осы Ережеде белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13. Тәртiптiк алқаның төрағасы болмаған жағдайда оның уәкiлдiк
беруiмен төрағаның мiндеттерiн алқа мүшелерiнiң бiрi атқарады.
14. Тәртiптiк алқаның хатшысы:
тәртiптiк iстердi есепке алуды, тiркеудi және сақтауды жүргiзедi;
тәртiптiк iс жүргiзуде алқа отырысына оның мүшелерiнiң және
тараптардың келуiн қамтамасыз етедi;
алқа отырысының хаттамасын жүргiзедi;
тиiстi тәртiптiк алқа шешiмдерiн атқаруға жiбередi;
алқа шешiмiне шағым жасалған жағдайда тәртiптiк iстi Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты тәртiптiк алқасының не Жоғары Сот Кеңесiнiң
қарауына жiбередi.
15. Алқа отырыстары қажеттiлiкке қарай өткiзiледi.
16. Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасы мен облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқаның отырыстары оларда осы алқа мүшелерiнiң тиiсiнше төрт және алты мүшесi қатысып отырса, құқылы болып саналады.
17. Тәртiптiк iс ол қозғалған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс.
Тәртiптiк iстi қарау мерзiмiн бұзу өз-өзiнен тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтатуға әкеп соқпайды.
18. Алқа отырысында материалдарды қарау өзiне қатысты тәртiптiк iс қозғалған судьяның мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi.
Судья келмеген жағдайда алқа отырысы басқа күнге ауыстырылады. Егер судья қайталап келмеген жағдайда алқа судьяның алқа отырысына қатыспауына дәлелдi себептерi (сырқаттануы немесе алқа отырысына қатысуға объективтi түрде кедергi жасайтын өзге де жағдаяттар) жоқ екенiн анықтаса, тәртiптiк iс оның қатысуынсыз өткiзiлуi мүмкiн.
19. Тәртiптiк iс қозғаған лауазымды адам не оның өкiлi, сондай-ақ алқа бастамашылығымен және (немесе) өзiне қатысты тәртiптiк iс қозғалған судьяның өтiнiшi бойынша шақырылған басқа да адамдар алқа отырысына қатысуға хақылы.
20. Тәртiптiк алқа өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн соттардың төрағаларынан, әдiлет органдарының, басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшыларынан, азаматтардан ақпарат сұратып алдыруға хақылы.
Тәртiптiк iстi қарау басталғанға дейiн қосымша тексеру жүргiзу қажет болған жағдайда тәртiптiк алқа қажетi қосымша құжаттар мен материалдарды, сондай-ақ тәртiптiк iс жүргiзудi қозғаған лауазымды адамның пiкiрiнше оларды қарау кезiнде судья жолсыздықтарға орын берген сот iстерiн де сұратып алдыруға хақылы.
21. Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының, облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалардың жұмысын материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиiстi сотты немесе әдiлет органын ұстауға бөлiнген республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және тиiсiнше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне, облыстық және оларға теңестiрiлген әдiлет басқармаларының бастықтарына жүктеледi.
IV. Тәртiптiк iстi қозғау негiздерi мен тәртiбi
22. Судьяға қатысты тәртiптiк iс "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 52-бабында көзделген негiздер бойынша қозғалуы мүмкiн.
23. Тәртiптiк iстi қозғауды осыған құқығы бар лауазымды адамдар "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 53-бабына сәйкес жүргiзедi.
24. Судьяға қатысты тәртiптiк iс бiр айдан кешiктiрiлмей терiс қылық анықталған күннен бастап, қызметтiк тексеру мен судьяның дәлелдi себеппен жұмыста болмаған уақытын есептемей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей қозғалуы мүмкiн.
25. Тәртiптiк iстi қозғауға құқылы адам iске қатысты жағдаяттар мен мағлұматтарға алдын-ала қызметтiк тексеру жүргiзедi және өзiне қатысты тәртiптiк iс қозғау туралы мәселе шешiлiп жатқан судьядан жазбаша түсiнiктеме талап етедi. Судьяның түсiнiктеме беруден бас тартуы тәртiптiк iс қозғауға кедергі болып табылмайды.
26. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы тәртiптiк iс қозғау туралы қаулы шығарады, ал Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi мен әдiлет басқармаларының бастықтары бұйрықтар шығарады.
Қаулыда, бұйрықта тексеруде анықталған тәртiптiк iс қозғау негiздерi, судьяның жеке басын сипаттайтын мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
Қаулы, бұйрық қажеттi материалдармен бiрге тиiстi тәртiптiк алқаның қарауына жiберiледi.
27. Тәртiптiк iс материалдары тиiстi тәртiптiк алқаға жiберiлгенге дейiн бұлармен iс қозғаған судья таныстырылуға тиiс. Бұл орайда судья қосымша түсiнiктемелер беруге немесе қосымша тексеру жүргiзу туралы өтiнiш жасауға хақылы.
28. Тәртiптiк iс қозғау туралы қаулыны немесе бұйрықты, оны қозғаған адам тиiстi тәртiптiк алқа iс қарауды бастағанға дейiн керi қайтарып алуы мүмкiн.
V. Тәртiптiк алқалар отырыстарын өткiзу және
олардың шешiмдер шығару тәртiбi
29. Тәртiптiк iстi қарау төрағалық етушi қатысып отырған тәртiптiк алқа мүшелерiнің тiзiмiн жариялаудан басталады.
Өзiне қатысты тәртiптiк iс қозғалған судья iстi қарауды бастардан бұрын алқа мүшелерiне қарсылық бiлдiруге хақылы. Қарсылық бiлдiру туралы мәселенi қатысып отырған барлық алқа мүшелерi шешедi.
Қарсылық бiлдiру қабыл алынбаған және кворум болған жағдайда алқа отырысы жалғастырылады.
Кворумның болмауына әкеп соққан қарсылық бiлдiру қанағаттандырылған жағдайда отырыс кейiнге қалдырылады және қатыспаған алқа мүшелерiн шақыру үшiн шаралар қолданылады.
Қарсылық бiлдiру туралы мәселе қаралғаннан кейiн алқа төрағасы немесе алқа мүшесi тәртiптiк iс материалдарын баяндайды.
Егер алқа отырысында тәртiптiк iс қозғаған адам немесе оның өкiлi қатысып отырса, онда оның судья жасаған тәртiптiк терiс қылық туралы хабарламасы тыңдалады.
Осы Ереженiң 18-тармағының екiншi абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзiне қатысты тәртiптiк iс қозғалған судьяның түсiнiктемесiн тыңдау мiндеттi болып табылады.
Алқа қалауына қарай басқа да адамдардың хабарламалары тыңдалуы және ұсынылған құжаттар мен өзге де материалдардың мазмұны жария етiлуi мүмкiн.
30. Тәртiптiк алқаның шешiмi iстi қарауға қатысқан алқа мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда өзiне қатысты тәртiптiк iс қаралып
отырған судьяға қатысты неғұрлым қолайлы шешiм қабылданды деп
саналады.
Алқа мүшесiнiң дауыс беруден бас тартуға хақы жоқ.
Шешiм жазбаша түрде баяндалады және оған iстi қарауға қатысқан
алқа мүшелері қол қояды. Дауысқа салу өзiне қатысты тәртiптiк iс
қозғалған судьяның және отырысқа шақырылған адамдардың қатысуынсыз
өткiзiледi.
Қабылданған шешiммен келiспеген алқа мүшесi өзiнiң айрықша
пiкiрiн жазбаша түрде жазып бере алады, ол iс материалдарына қосылады.
31. Төрағалық етушi алқа қабылданған шешiмдi жариялайды және
шағым беру тәртiбiн түсiндiредi.
Тәртiптiк iс жөнiндегi шешiмде мынадай деректер қамтылуы керек:
алқаның атауымен оның құрамы;
iстiң қаралатын орны мен уақыты;
өзiне қатысты тәртiптiк iс қаралған судьяның тегi, аты, әкесiнiң
аты және қызметi;
тәртiптiк iс қозғаған адамның қызметi мен тегi;
iстiң жағдаяттары;
тәртiптiк iс қозғаған лауазымды адамның немесе оның өкiлiнiң
пiкiрi (егер ол баяндалған болса);
тәртiптiк iс қаралған судьяның түсiнiктемелерi;
өзiне қатысты тәртiптiк iс қаралған судьяның жеке басын
сипаттайтын мәлiметтер;
қолда бар айғақтар көрсетiлiп жасалған қорытындының дәлелдемесi;
iс бойынша қабылданған шешiм;
шешiмге шағым жасау тәртiбi.
32. Тәртiптiк алқа тәртiптiк iс бойынша мынадай:
1) тәртiптiк жаза қолдану туралы;
2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы;
3) тәртiптiк iс жүргiзу материалдарын судьяны қызметiнен босату
туралы мәселе қойып, iс қозғаған лауазымды адамдарға немесе қылмыстық
iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының Бас
Прокурорына жiберу туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.
33. Судьяларға қолданылатын тәртiптiк жазалардың түрлерi
"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi
бар Жарлығының 52-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленедi.
34. Жазалау жасалған терiс қылықтың ауырлығына, оны жасаған
судьяның кiнәсiнiң түрi мен дәрежесiне сәйкес келуi керек.
Тәртiптiк жазалау түрi белгiленетiн кезде:
1) терiс қылықтың мазмұны мен сипаты;
2) терiс қылық жасалған жағдаяттар;
3) жасалған терiс қылыққа әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн
салдарлар;
4) оны жасаған адамның бұрынғы мiнез-құлқы;
5) тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған адамның судья болып
iстеген жұмыс стажы;
6) судьяның жеке басын сипаттайтын өзге де жағдаяттар
ескерiледi.
35. Жасалған әрбiр терiс қылық үшiн бiр ғана тәртiптiк жаза
қолданылады.
Алқаның бiр отырысында бiр судьяға қатысты бiрнеше iс қаралған
жағдайда оларды қараудың нәтижелерi бойынша алқа осы Ереженiң
34-бабында көзделген жағдаяттарды ескере отырып, бiр шешiм
қабылдайды.
36. Алқа тәртiптiк iс жүргiзудi:
1) тәртiптiк iс қозғау мерзiмi өтiп кеткен;
2) тәртiптiк iс негiзсiз қозғалған жағдайларда тоқтатады.
37. Егер тәртiптiк алқа шешiмiне сәйкес алдында судьяны босату немесе оған қатысты қылмыстық iс қозғау туралы мәселе қойылған лауазымды адам бұл үшiн негiз таппаса, онда тәртiптiк iс қайта қарау үшiн нақ сол тәртiптiк алқаға қайтарылады. Бұл ретте алғашқы шешiм шығарылған күннен бастап материалдар қайтарылғанға дейiнгi уақыт тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту мерзiмiне есептелмейдi.
38. Тәртiптiк алқа шешiмi шығарылғаннан кейiнгi екi күн iшiнде өзiне қатысты алқа шешiмi шығарылған судьяға, тәртiптiк iс қозғаған адамға, сондай-ақ судьяның жеке iсiне қосу үшiн Әдiлет министрiне және (немесе) тиiстi әдiлет басқармасына берiледi не жiберiледi.
VI. Тәртiптiк алқалардың шешiмдерiне шағымдану және
шағымдарды қарау тәртiбi
39. Өзiне қатысты шығарылған облыстық және оған теңестiрiлген тәртiптiк алқаның шешiмiне судья, сондай-ақ тәртiптiк iстi қозғаған адам он күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртiптiк алқасына шағымдана алады.
Өзiне қатысты шығарылған Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының шешiмiне судья, сондай-ақ тәртiптiк iс қозғаған адам Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесiне шағым бере алады.
40. Облыстық және оған теңестiрiлген тәртiптiк алқаның шешiмiне
шағымдану мерзiмi дәлелдi себеппен өтiп кеткен жағдайда Жоғарғы
Соттың тәртiптiк алқасы өзiне қатысты осы шешiм шығарылған судьяның
өтiнiшi бойынша оны қалпына келтiруi мүмкiн.
41. Тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған судьяның немесе
тәртiптiк iстi қозғаған адамның шағымы бойынша тәртiптiк iстi қараған
Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының отырысына тәртiптiк
жауапкершiлiкке тартылған судья шақырылуы мүмкiн.
Тәртiптiк iс жөнiндегi шағымдар бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс.
42. Шағым бойынша тәртiптiк iстi қарау нәтижесiнде Жоғарғы
Соттың тәртiптiк алқасы мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) шешiмдi өзгерiссiз қалдыру;
2) шешiмдi өзгерту;
3) шешiмдi жою және тәртiптiк iстi тоқтату не тәртiптiк iстi
жаңадан қарау үшiн нақ сол тәртiптiк алқаға жiберу.
VII. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi мен
оның алыну тәртiбi
43. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 57-бабына сәйкес белгiленедi.
44. Судьяға бiрнеше жаза қолданылған жағдайда жазаның мерзiмi жөнiнен соңғысы қолданылған күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн оның жазасы бар болып саналады.
45. Тәртiптiк жазаны оны қолданған тәртiптiк алқа тәртiптiк iс қозғаған адамның ұсынуы бойынша не өзiне жаза қолданылған судьяның өтiнiшi бойынша мерзiмiнен бұрын алып тастауы мүмкiн.
46. Тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау туралы тәртiптiк алқа тәртiптiк iстi қозғаған адамға және жазасы алынған судьяға хабарлайды.
VIII. Тәртiптiк алқада iс жүргiзу
47. Алқа хатшысы тәртiптiк алқаның шешiмiн үш күн мерзiмде орындауға жiбередi, бұл туралы тәртiптiк iсте белгi жасалып, бұл жөнiнде тәртiптiк iстердi тiркеу кiтабына жазба енгiзiледi.
48. Iс жүргiзу аяқталған тәртiптiк iс тиiсiнше Жоғарғы Соттың, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың архивтерiнде судьялардың жеке iстерiн сақтау үшiн көзделген мерзiм iшiнде сақталады.