Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заңмен белгiленген жарғылық капиталының мөлшерiн қалыптастыру мақсатында және "Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 шiлдеде Z970154_ Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануына байланысты қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң өндiрiстiк-әлеуметтiк дамуының 1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған қоры есебiнен мына төменгi мақсаттарға:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталына - 5.229.243.162,42 теңге (бес миллиард екi жүз жиырма тоғыз миллион екi жүз қырық үш мың жүз алпыс екi теңге қырық екi тиын);
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң резервтiк қорына - 2.013.339.650,81 теңге (екi миллиард он үш миллион үш жүз отыз тоғыз мың алты жүз елу теңге сексен бiр тиын) бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң пайдасын 1997 жылы пайдалану туралы" 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 3340 Жарлығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) Жарлықтың атауындағы "пайдасын" деген сөз "таза табысын" деген
сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынысымен
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1997 жылғы қызметiнiң
қорытындылары бойынша таза табысы республикалық бюджеттiң табысына
бөлiнсiн."
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi