Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 18 ақпан N 3841. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.07.05. N 140 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің күшіне енуіне байланысты қаулы етемін: 
      I. "Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975  Жарлығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      Аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге: 
      1) 1-тармақта: 
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1) өлім жазасын бас бостандығынан айырумен немесе жазасын ерекше режимді түзеу колониясында өтей отырып, жиырма бес жылға бас бостандығынан айырумен алмастыру;"; 
      Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Жазасын өтеген адамнан кешірім жасау актісімен соттылығы алынып тасталады"; 
      2) 4, 11, 13, 15, 20-тармақтардағы "кешірім жасау" деген сөздер "Азаматтық және кешірім жасау мәселелері жөніндегі" деген сөздермен алмастырылсын; 
      3) 5, 10, 17-тармақтарда тиісінше "Мемлекеттік тергеу комитетінің төрағасы", "мен байқау комиссиясының", "мен Республика Мемлекеттік тергеу комитетінің төрағасына" сөздері алынып тасталсын; тиісінше 5-тармақта "әкімшілігі" сөзі "әкімшілігінің" сөзімен алмастырылсын; 17-тармақтың 
2) тармақшасында "министрі" сөзі "министріне" сөзімен алмастырылсын; 
      4) 7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4) түзеу мекемесі әкімшілігінің, қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының пікірлері"; 
      5) 9-тармақта "бір ай" сөзі "бір жыл" сөзімен алмастырылсын; 
      Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Өлім жазасы туралы үкім күшіне енген күнінен бір жыл өтпейінше орындалмайды";
      6) 10-тармақта "еңбекпен түзеу" сөздері тиісінше "түзеу" сөзімен алмастырылсын; 
      7) 11-тармақта "екі апта" сөзі "бір ай" сөзімен алмастырылсын; 
      8) 16-тармақ "аса ауыр" сөздерінің алдынан "ауыр және" деген 
сөздермен толықтырылсын. 
      II. Осы Жарлық, өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастыру бөлігінде I-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, ол "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бас бостандығынан айырудың осы түрін орындау үшін қажетті жағдайлардың жасалуына қарай, бірақ 2003 жылдан кешіктірілмей күшіне енгізіледі.      

       Қазақстан Республикасының 
      Президенті 

      

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады