Қазақстан Республикасынан Азия Даму Банкiнiң Басқарушылар Кеңесiндегi өкiлдер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы 1998 жылғы 6 сәуiрдегi N 3897. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.04.26. N 854 жарлығымен. ~U020854

      "Қазақстан Республикасының Азия Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 1496 U941496_ Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:
      Өмiрзақ Естайұлы Шүкеев Қазақстан Республикасынан Азия Даму Банкiнiң Басқарушысы қызметiнен босатылсын.
      Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев Қазақстан Республикасынан Азия Даму Банкi Басқарушысының орынбасары қызметiнен босатылсын.
      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы - Қазақстан Республикасының министрi Ержан Әбiрқайырұлы Өтембаев Қазақстан Республикасынан Азия Даму Банкiнiң Басқарушысы болып тағайындалсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi Жанат Жұрғалиқызы Ертiлесова Қазақстан Республикасынан Азия Даму Банкi Басқарушысының орынбасары болып тағайындалсын.
 

     Қазақстан Республикасының

            Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады