Қазақстан Республикасымен Халықаралық қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 19 мамыр N 143

      Мемлекеттің құқықтық жүйесін одан әрі дәйекті түрде реформалау және құқықтық реформа жүргізуді қолдау мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджановқа Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан

 

Республикасының Әділет мнистрі Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджановтың

Өкілеттік сертификатын ресімдесін.

     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті




  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады