1. Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы Бағалы қағаздар рыногын қалыптастырудың жалпы принциптері туралы келісім бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы мен Келісімге қатысушы елдердің арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар болып табылады деп белгіленсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б. Нарбаев Е.