Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 26 ақпандағы N 66 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 9 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1077. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 21 әуірдегі N 133 қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi реттеу мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңының  28-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 04 наурыздағы N 293 қаулысымен  бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногындағы кастодиандық қызметтi лицензиялау туралы ереженiң 6-тармағының, "Банктер және банктiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы заң  күшi бар жарлығының 30-бабы 4-тармағының, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының  58-бабы екiншi бөлiгiнiң, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегі заңының  7-бабы 4-тармағының, "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңының  20-бабы екiншi бөлiгінiң, "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директоратының 1998 жылғы 26 наурыздағы N 45 қаулысының негізiнде Ұлттық комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң мынадай түрлерiн қоса атқаруға рұқсат етiлетiндiгi белгiленсiн:
      1) кастодиандық - бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметпен және бағалы қағаздармен жасалған операциялар бойынша өзара талаптар мен мiндеттемелердi айқындау жөнiндегi қызметпен (клирингтiк қызметпен);
      2) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi - бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметпен;
      3) депозитарлық - ашық халықтық акционерлiк қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегі қызметпен және бағалы қағаздармен жасалған операциялар бойынша өзара талаптар мен мiндеттемелердi айқындау жөнiндегi қызметпен (клирингтiк қызметпен).
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
      3. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күннен бастап Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 19 наурызда 273 нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi қоса атқару туралы" Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 153 қаулысының  (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1997 ж., 172-бет; Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, II том, 1998 ж., 128-бет) күшi жойылған деп танылсын.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізілгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгінiң және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн.
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы осы Қаулыны бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының және "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгінiң мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткiзсiн .
      6. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегі комитетiнiң, кастодиан-банктердiң, инвестициялық қорлардың және инвестициялық қорлардың басқарушыларының назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.   

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

      Ұлттық комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады