Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi қоса атқару туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 1996 жылғы 12 қарашадағы N 153 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 19 наурызда тіркелді. Тіркеу N 273. Күші жойылды - ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 66 қаулысымен.~V001077.

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:

      1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi қоса атқарудың мынадай тәртiбi бекiтiлсiн:

      1.1. Кастодиандық қызмет қызметтiң айрықша болып табылатын түрлерiнен басқа бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң кез-келген түрiмен қоса атқарылады.

      1.2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi кәсiби қызмет брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтермен қоса атқарылады.

      1.3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң айрықша түрлерi болып мыналар табылады:

      - бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi;

      - депозитарлық;

      - биржадан тыс рыноктағы баға кесу жүйесiнiң;

      - қор биржаларының;

      - инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелiн басқару.

      2. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет Қазақстан


      Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа өзге кәсiпкерлiк

      қызметпен қоса атқарылмайды.

      3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға

      БҚҰК-ның лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары

      құрылтай құжаттарын осы Қаулының талаптарына, оны жариялаған сәттен бастап

      үш ай iшiнде сәйкестендiрсiн.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бағалы қағаздар рыногының

      кәсiпқой қатысушыларының қызметiн реттеу басқармасына және БҚҰК-ның осы

      басқармаға жетекшiлiк жасайтын мүшесiне жүктелсiн.

      Ұлттық комиссияның
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады