Акционерлік қоғамдардың қызметі туралы материалдарды жариялауға арналған баспасөз басылымдарының тізбесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 14 ақпандағы N 560 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 18 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1092. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 414 (V032626) қаулысымен.

      Акционерлiк қоғамдарға өздерiнiң қызметi туралы ақпарат жариялаулары бойынша бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 2-бабының он жетiншi азатжолының, 51-бабы 2-тармағының негізiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтерiне қатысты материалдарды жариялау үшiн акционерлiк қоғамдар пайдалануға құқылы болатын мерзiмдi баспасөз басылымдарының мынадай тiзбесi белгiленсiн:
      1) "Егемен Қазақстан" газетi;
      2) "Казахстанская правда" газетi;
      3) "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналы (акционерлердiң жалпы жиналысын шақыруға және өткiзуге және қоғамның iрi мәмiлелер жасауына қатысты ақпараттан басқа).
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы:
      1) осы Қаулыны акционерлiк қоғамдардың назарына жеткiзу жөнiндегi барлық ықтимал шараларды қолдансын;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Ұлттық комиссияның
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады