Мемлекеттiк тапсырыс объектiлерiне мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау ұйымдастыру және өткiзудiң тәртiбi жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 18 ақпан N 141. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде басқармасында 2000 жылғы 24 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1098. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 209 (V042778) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Z970163_  1997 жылғы 16 шiлдедегi N 163 Заңын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 қыркүйектегi N 876 P930876_  "Ғылыми-техникалық қызметте сараптауды ұйымдастыру және өткiзу туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_  "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi", 1999 жылғы 23 ақпандағы N 145 P990145_  "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi туралы", 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 P991754_  "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" қаулыларын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған "Мемлекеттiк тапсырыс объектiлерiне мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау ұйымдастыру және өткiзудiң тәртiбi туралы" Нұсқаулық бекiтiлсiн (әрi қарай Нұсқаулық).
      2. Ғылым департаментi (М.Қ.Әбсәметов) заңдарда белгiленген тәртiппен Нұсқаулықты мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-Министрi Е.Е.Ергожинге жүктелсін.    

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2000 жылғы 18 ақпандағы 
N 141 бұйрығымен   
бекітілген     

Мемлекеттiк тапсырыс объектiлерiне мемлекеттiк
ғылыми-техникалық сараптау ұйымдастыру және жүргiзу
тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларының әкiмшiлерi (Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен агенттiктерi), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламенттiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк тапсырыс объектiлерi (нысандары) бойынша мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау өткiзудiң және қорытынды әзiрлеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау (бұдан әрi - МҒТС) - бұл Қазақстан Республикасының ғылыми мен ғылыми-техникалық салада мемлекеттiк тапсырысты орналастыру мәселелерi жөнiнде және ғылыми-техникалық өрлеудiң маңызды мәселелерi бойынша қабылданатын шешімдердiң негiздiлiк деңгейiн көтеру мақсатында сараптау объектiсiнің тәуелсiз талдау үшiн мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының тапсырысы арқылы жүргiзiлетiн бағалау әрекеттерi мен қорытындылар жүйесi.
      3. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде iске асырылатын ғылыми-техникалық қызмет объектiлерi МFТС мiндеттi болып табылады және мемлекеттiк тапсырыс объектiлерiн қаржыландыру (iске асыру) туралы алдын ала шешім қабылдап, тиiстi ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру шегiнде ғылымға бөлiнетiн республикалық бюджет қаржылары есебiнен жүргiзiледi.
      4. Осы Нұсқаулықтың құқықтық негiзі мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 163 "Мемлекеттiк сатып алулар жөнiнде" Заңы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы N 306 Заңына сәйкес енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулармен бiрге:
      2) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 қыркүйектегi N 876 "Ғылыми-техникалық қызметте сараптауды ұйымдастыру және өткiзу туралы" қаулысы;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерiнiң мәселелерi" қаулысы;
      4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 145 "Республикалық бюджет қаржысы есебiнен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастырудың және iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" қаулысы;
      5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" қаулысы;
      5. Мемлекеттiк тапсырыс объектiлерiн МҒТС негiзгi мiндеттерi:
      1) республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiнiң жағдайы мен даму нәтижесiнен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру мүмкiндiктерiн бағалау:
      2) кәсiби зерттеулер жүргiзуде мазмұндық, ұйымдық, материалдық, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша сараптау объектiлерiн нақты және кешендi зерттеу;
      3) Сараптау объектiлерiн қазiргi заңның талаптары мен нормаларына, Қазақстан Республикасы бекiткен ғылыми-техникалық басымдықтары мен әлеуметтiк-экономикалық даму бойынша жүргiзiлген конкурс шарттарына және ғылыми, техникалық және технологиялық бiлiмнiң қазiргi деңгейiне мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаттың көзқарасына, ұлттық қауiпсiздiк, экономикалық мақсат талаптарына сәйкес тексеру;
      4) зерттеудiң бағдарланатын мақсаттарының маңыздылығын олардың мүмкiндiктерiн жоспарлы шаралар арқылы жету, күтiлетiн еңбек шығындары, қаржы, материалдық ресурстардың қажеттiлiгi мен жеткiлiктiлiгiн бағалау:
      5) қолда бар ғылыми-техникалық әлеуеттi пайдаланудың тиiмдiлiгiн талдау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық әзiрлемелердiң нәтижелiлiгiн бағалау;
      6) алынатын нәтижелердiң маңыздылығын (орындалу, аяқталу және өндiрiске енгiзу кезеңдерiнде), жұмсалған қаражаттың тиiмдiлiгiн бағалау және қаржыландыруды ұзарту, өзгерту және тоқтатылуы жөнiнде ұсынымдар жасау;
      7) бағдарламаларды, жобаларды және ұсынымдарды жүзеге асырудың ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық нәтижелерiн және экологиялық зардаптарын бағалау;
      8) ғылыми жұртшылықты ғылыми-зерттеулер ұйымдастыру және сараптау жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерiн шешуге тарту.
      6. Мемлекеттiк тапсырыс объектiлерін МҒТС негiзгi ұсынымдары мыналар болып табылады:
      1) арнайы тетiктерiн жүзеге асыруды алдын ала болжайтын, сараптама нәтижесiн бұрмалауға бейiм сыртқы әсердi тым азайтатын тәуелсiздiк және нақтылық;
      2)сараптау жүргiзетiн тұлғалар мен ұйымдардың бiліктiлiгi және жоғары кәсiби деңгейi;
      3) ғылым мен техниканың дамуының әлемдiк деңгейiне, технологиялық және экологиялық қауiпсiздiктiң ережелерi мен нормаларына, халықаралық келiсiмдер мен стандарт талаптарына бағдарлануы;
      4) сараптық жұмысты ұйымдастырудың және оны нормативтiк, ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң жүйелiлiгi;
      5) қолданылатын және әзiрленетiн ақпараттың толықтығы мен шынайылығы;
      6) сараптама ұсынымының анықтығы толықтығы және негiздiлiгiне жауапкершiлiк;
      7) сараптама объектiсiн жүзеге асыруда ғылыми-техникалық, экономиялық, экологиялық және әлеуметтiк салдарын бағалауға кiретiн кешендiлiк;
      8) сараптамаға қатысушылардың қоғамдық ашықтығы мен құқықтық қорғалуы.
      7. МҒТС субъектiлерiне мыналар жатады:
      iзденушi-сараптама объектiсi бойынша ұсыныс беретiн және мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде қаржы алуға үмiткер немесе объектiнi iске асыруға рұқсат алатын субъект, жеке және заңды тұлға;
      тапсырыс берушi - сараптама объектiсi бойынша шешiм қабылдайтын және МҒТС жүргiзуге тапсырыс беретiн субъект - iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларының әкiмшiлерi (Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен агенттiктерi), Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi;
      ұйымдастырушы - МҒТС тапсырысын ұйымдастыруды iсiн қамтамасыз ететiн субъект (Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң сәйкес құрылымдық бөлімдерi);
      атқарушы-iзденушінің ұсыныстарын талдаушы және сараптама қорытындысын беретiн субъект - тәуелсiз сарапшы (жоғары бiлiктi ғалымдар, мамандар, оның ішiнде шетелден), сараптау топтары, комиссиялар, кеңестер, ұйымдар, кәсiпорындар, сәйкес мамандықтағы шетелдік компаниялар.
      Тапсырыс берушi, ұйымдастырушы және атқарушы МҒТС процедурасының тiкелей қатысушылары болып табылады.

2. МҒТС объектiлеріне мемлекеттік тапсырыс
жүргізудің жалпы тәртiбi

      8. Тапсырыс берушi:
      1) мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жөнiнде конкурстық комиссия ұсынған материалдар бойынша МFТС жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
      2) тапсырысты (келiсiм) және мына материалдарды ұйымдастырушыға жiбередi:
      сараптама объектiлерi бойынша ақпараты бар жолдама хат;
      Конкурс туралы хабарлама және конкурстың басымдық бағыттарының тiзбесi;
      конкурс шарттары, конкурстық жобаларды дайындаудың талаптары және оларды бағалау критерийi;
      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрiнiң 1999 ж. 5 сәуiрдегi N 158 (мемлекеттiк тiркеу N 756, 1999 ж., 12 мамыр) бұйрығымен бекiтiлген "Республикалық мақсатты және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды конкурстық iрiктеу тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа сәйкес жасалған конкурстық жобаларды МFТС-ға жiберу туралы конкурстық комиссиясының хаттамасы;
      МҒТС жүргiзу үшiн жiберiлген (әр объект бойынша ақпарат көлемi көрсетiлген) объектiлер тiзбесі, сондай-ақ материалдардың өздерi (2 дана);
      Тапсырыс (келiсiм) сараптаудың мәнi мен объектiлерi; сараптама жүргiзу шарттары тараптардың құқылары мен мiндеттерi; сараптауды өткiзудiң мерзiмдерi; сараптау қорытындысының күшi сақталатын мерзiм; өзара қаржылық есеп айырысу тәртiбi; келiсiмдiк қатынастарды өзгертуге немесе тоқтатуға әсер ететiн шарттар; келiсiм шарттарын орындамау немесе белгiлi дәрежеде орындалмауға жауапкершiлiк; қорытындылардың дұрыстығына жауапкершiлiк, мұндай жауапкершiлiктiң әрекет ету мерзiмі; объектiнiң өзiндiк ерекшелiгiнен туындайтын сараптаудың басқа да мәндi шарттарын анықтауы қажет.
      9. Тапсырыс берушiнiң құқығы мынадай:
      МҒТС баламалы жобалар ұсыну;
      МҒТС тапсырыстың талаптары орындалмаған жағдайда сараптама қорытындысын қарамау немесе қайта өңдеуге жiберу;
      сараптама қорытындысында оның сапасы немесе дұрыстығына келiспегенде сәйкес шағым арыз инстанциясына (19-тармақ) өтiнiш жасау;
      10. Тапсырыс берушiнiң мiндетi:
      ұйымдастырушының ақпараттық, қаржылық, материалдық-техникалық, әкiмшi-құқылық iс әрекетiн қамтамасыз ету қажеттігiн дер кезiнде қанағаттандыру;
      ұйымдастырушыдан тапсырыс талабына сай сараптама қорытындысын алуға және оларды сараптама объектiсi бойынша шешiм қабылдауға қолдану.
      11. Ұйымдастырушы:
      сараптаманы ұйымдастыру және өткізу үшiн қажет ақпаратты қабылдайды, сондай-ақ қаржылық, материалдық-техникалық және өз жұмысын әкiмшi-құқылық қамтамасыз етедi;
      келіп түскен материалдарға алдын ала талдау жасайды, егер материалдарда конкурс шарттарының талаптарынан ауытқулар болса, онда тапсырыс берушiге алдын ала талдау қорытындыларымен МҒТС өткiзу жөнiнде ұсыныстар жiбередi (конкурс материалдарына алдын ала талдау жасау дегенiмiз әртүрлi көздерден сараптау объектiлерiн екі рет бюджеттен қаржыландыруды болдырмау үшiн мiндеттi болып саналады);
      тапсырыс берушiмен сараптау талаптары мен оны орындау шарттарымен келiседi (қаржыландыру тәртібi, мерзiмi және т.б.);
      сараптама жасайтындардың жеке құрамын анықтайды, сарапшы ретiнде жетекшi ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандар шақырылады, ұжымдық сарапшылар ретiнде-сараптау топтарын, комиссиялар, кеңестер, сондай-ақ сәйкес бiлiктiлiгi бар ұйымдар, кәсiпорындар, шетел компанияларды тартады және олардың жұмысын ұйымдастырады;
      жеке және ұжымдық сарапшылардың жұмысының қорытындысын ұсыну тәртiбiн белгiлейдi;
      орындаушылардан түскен сараптық қорытындыларды талдайды, соның негiзiнде МҒТС қорытындысын жасайды және оларды тапсырыс берушiге жiбередi.
      12. Ұйымдастырушының құқығы мынадай:
      егер сарапшылар сараптама жүргiзу талаптарын орындамаса, сараптама қорытындысын қарамау немесе қайта өңдеуге жiберу;
      сараптама қорытындысы бойынша тапсырыс берушiнiң шешiмдерiмен келiспеген жағдайда сәйкес шағым арыз инстанцияларына (19-тармақ) сүйену.
      13. Ұйымдастырушы мынаған міндеттi:
      МҒТС тапсырысын тапсырыс берушiнiң келiсiмiмен, талаптарға сәйкес уақытында орындауды қамтамасыз ету;
      атқарушыны ресурстардың қажеттi түрлерiмен және қызмет жағдайымен қамтамасыз ету;
      сарапшылар жөнiнде банк мәлiметтерiн, сараптау қызметiне тарту дәрежесi мен түрлерiн, тапсырыстар орындаудың саны мен сапасы бойынша рейтингке, Қазақстан Республикасының Заңы бойынша жеке құқығына қайшы келмейтiн басқа мәлiметтердi қалыптастыруға қатысу;
      нақты объект бойынша сарапшылардың жеке құрамы жөнiнде, сондай-ақ мемлекет немесе сауда құпиясы бар мәлiметтердiң құпиялығын; санаткерлiк меншiк; құқығын сақтауды қамтамасыз ету;
      өзiнiң ұйымдастыру шараларын және олардың қорытындысының жариялылығын қамтамасыз ету, сарапшыларға қысым көрсетуге қарсы болады.
      14. Атқарушы:
      тәуелсiз сарапшылар жұмысқа тiкелей қатысады, тапсырма талабына және сараптама жүргiзу мерзiмiне сәйкес оларға ұсынылған объектiлердi зерттейдi мен бағалайды, сараптама қорытындысын дайындайды және ұйымдастырушыға бередi;
      арнаулы уақытша ұжымдарға бiрiккендер (қойылған сараптау мiндетiне сәйкес ұйымдастырушының жарлығы бойынша құрылған сараптау кеңестерi, топтар, комиссиялар) нақты объектi сараптамасының ұжымдық бағасын жасап, ұжымдық сараптау қорытындысын қалыптастырады және оны ұйымдастырушыға береді.
      15. Атқарушының мынадай құқығы бар:
      сараптама жүргiзуге қажет барлық ақпаратты алады, оның iшiнде сараптама жұмыстарын жүргiзу барысында пайда болған мәселелер бойынша;
      сараптаманың жинақ қорытындысымен келiспеген жағдайда немесе қабылданған шешiмдерге өзiнiң ерекше пiкiрiн айту және сәйкес шағым арыз инстанцияларына (19-тармақ) бару.
      16. Атқарушы мынаған мiндеттi:
      тапсырыс талаптарына сәйкес ұйымдастырушының алдында алған шарттық мiндеттердiң барлығын орындау;
      сараптама объектiсiнiң сипаттамасын нақты бағалау;
      сараптауға ұсынған деректердiң құпиялылығын бұзбау.
      17. Ізденушiнiң тапсырыс берушiге ұсынған және сараптамаға түскен мәлiметтердiң құпиялылығы төмендегiдей қамтамасыз етiледi:
      iзденушiнiң алдын ала қорғауға бейiм әзiрлемелерiн патенттiк қорғау;
      сарапталатын ақпараттың құпиялылығын сақтау МҒТС iсiне тiкелей қатысатын барлығының мiндеттiлiгi.
      Ізденушiнiң талабы бойынша санаткерлiк меншiк құқығын қосымша қорғау үшiн ақпараттың құпиялылығы және жарияламау жөнiнде тапсырыс берушiмен бiрге сараптау өткiзуден өзге мақсаттарға, шартта айтылғандай, қабылдайтын жағы (тапсырыс берушi) ақпаратты басқаға бермеу және қолданбау жөнiнде жазбаша келiсiм жасайды. Тапсырыс берушi бұл жағдайда сәйкес ұйымдастырушымен, ал ол өз кезегiнде орындаушылармен келiсiм жасауға мiндеттi. Келiсiмдер, сондай-ақ iзденушiден орындаушылардың нақты құрамы жөнiндегi ақпаратты құпия ұстауы тиіс. Шартта айтылған ақпаратты iзденушiнiң сараптауға қатыспайтын ұйымдар мен жеке адамдарға жариялау, пайдалану немесе беру, келiсiм шарттарын бұзған адам соттық жауапкершiлiкке тартылады, және iзденушiге оған тигiзген зиянның орнын толтыру құқығы қазiргi заңға сәйкес сот тәртiбi бойынша iске асады.
      18. Мемлекеттiк тапсырыс объектiлерiн бағалауда ең төменгi мынадай талаптар орындалуы тиiс:
      1) әрбiр объект ең аз дегенде екi тәуелсіз және тең құқылы сарапшымен конкурстық хабарландыруда белгiленген және одан әрi сараптау үшiн ақпараттық пакетте әзiрленген iріктеу өлшемдерi негiзiнде бағалануы тиiс;
      2) қаржыландыру объектiлерiнiң бағасы және ұсыныстары тек қана конкурстық тапсырыста мазмұндалған ақпаратқа негiзделуi керек;
      3) объект сарабы және сарапталатын материалдардың мазмұнын басқа мақсатқа пайдаланбау мiндетi бойынша ақпарат, сондай-ақ сарапшылар жөнiндегi мәлiметтер мен олардың жұмыс нәтижелерiнiң құпиялылығы қамтамасыз етiлуi тиiс;
      4) объектiнi бағалауға сарапшы ретiнде оның кез келген жетiстiгiне
мүдделi немесе ауытқуы барлар шақырылмайды;
      5) объектiнi бағалауға шақырылған сарапшылар, сараптама өткiзетiн объектi әзiрлеушiлермен байланысуға немесе байланысқа түсуге болмайды.
      19. МҒТС шағым арыз инстанциялары мыналар:
      ұйымдастырушы шешiмiне (сараптаманың жинақ қорытындысы) - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi;
      сараптама объектiсi бойынша тапсырыс берушiнiң шешiмiне - сәйкес жоғарғы орган.    

3. Қорытынды ережелер

      20. МҒТС жүргiзудiң нәтижесi жинақ қорытынды болып табылады, ол тапсырыс берушiге шешiмдер жасау үшiн қарауға және ескеруге алынатын мiндеттi құжат болып саналады, оны негiздеу үшiн осы сараптау жүргiзiледi.
      21. МҒТС жинақ қорытындысын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-Министрi (Ғылым департаментiнiң директоры) бекiтедi. МҒТС жинақ
қорытындысында нақты параметрлер бойынша берiлген сараптық бағалармен бiрге мына мазмұндағы қорытындылар болуы керек:
      1) объект қаржыландыруға ұсынылады;
      2) объект қаржыландыруға ұсынылмайды;
      3) келтiрiлген ескертулердi ескере отырып объект қаржыландыруға ұсынылады (бұл орайда объект иегерлерi тапсырыс берушiге МҒТС ескертпелер
есепке алынып немесе оларды дәлелдi жоққа шығаруға негiзделген материалдар
түсiрiлуi қажет).
      22. Тапсырыс берушi мемлекеттiк тапсырыс объектiсi жөнiнде шешiм қабылдауда МҒТС қорытындысын пайдаланады.
      23. МҒТС қатысушылардың ұйымдық-құқықтық және қаржылай өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңға сәйкес рәсiмделiп, реттеледi.
      24. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енеді.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады