"Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 15 наурыз N 68 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 5 көкекте тіркелді. Тіркеу N 1102. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       Ескерту. ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының  2000 жылғы 15 наурыздағы N 68 Қаулысының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы  N 175  (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)   Қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан жағдаяттарға байланысты Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық - комиссия" деп аталады) 

                              ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 наурызда 707  V980707_  нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысына ("Рынок және құқық". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 3(4), 7-бет) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
      2-тармақта: 
      "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап бiр жылдан кейiн" деген сөздер "2001 жылдың 01 қаңтарынан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      2. Қазақстан қор биржасы ЖАҚ-ы өзінің Iшкі құжаттарын (олар жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларының 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған) осы Қаулыға сәйкес келтіруге мiндеттелсін. 
      3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн. 
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы: 
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін; 
      2) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздармен сауда саттықты ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

     Ұлттық комиссияның төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады