Бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыруға лицензияларды және рұқсаттарды иеленген ұйымдардың жарияланымдарына қойылатын талаптар туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 12 қаңтар N 55. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 11 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1128 Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 117 қаулысымен.

  --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2005 жылғы 26 наурыздағы   
N 117 қаулысына Қосымша    

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегі Ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары және рұқсаттары бар ұйымдардың жарияланымдарына қойылатын талаптар туралы" 2000 жылғы 12-қаңтардағы N 55 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1128 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2000 жылы жарияланған, N 5)...

------------------------------------

      Инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  U973755_  жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) туралы ереженің 4-тармағының 3), 8) және 12) тармақшаларының негізінде Ұлттық комиссия Қаулы етеді: 
      1. Ұлттық комиссия берген лицензиялардың және рұқсаттардың негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың жарияланымдарының мазмұнында нөмірлерін, берілген күндерін және олар бойынша жүзеге асырылатын қызмет түрлерін енгізе отырып осындай лицензиялар (рұқсаттар) туралы мәліметтердің болу керектігі белгіленсін. 
      2. Осы Қаулының 1-тармағы нормасының бұқаралық ақпарат құралдарындағы оның ішінде электрондық, сондай-ақ баспасөз өнімі түріндегі, жарияланымдардың мынадай түрлеріне: 
      1) заңдарға сәйкес жариялауға жататын есеп берулерге; 
      2) Ұлттық комиссия берген лицензиялардың немесе рұқсаттардың негізінде бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметті жарнамалауға; 
      3) Ұлттық комиссия берген лицензиялардың немесе рұқсаттардың негізінде бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметке байланысты мәселелер бойынша өзге де кез-келген жарияланымдарға қатысты қолданылатындығы белгіленсін. 
      3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін. 
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасы: 
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыруға лицензияларды және рұқсаттарды иеленген және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін; 
      2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыруға лицензия немесе рұқсат алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.     

     Комиссияның Төрағасы     

     Комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады