Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1130 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасаудың кейбір шарттары туралы" 2000 жылғы 5 мамырдағы N 598 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 145 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2313. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы № 75 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 № 75 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасаудың кейбір шарттары туралы" 2000 жылғы 5 мамырдағы N 598 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1130 тіркелген, 2000 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 5 жарияланған; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1911 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасаудың кейбір шарттары туралы" 2000 жылғы 5 мамырдағы N 598 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 13 маусымдағы N 223 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің сақталысын қамтамасыз ету және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - ұйым) инвестициялық қызметін бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:";

      мәтін бойынша:
      "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания ("Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы)", "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниясы ("Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы)", "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар ("Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы)" деген сөздер тиісінше "ұйым", "ұйымы", "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, кастодиан-банктерге жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады