Тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі N 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1134. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 259 бұйрығымен.

       

-------- Бұйрықтан үзінді--------

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
      1. Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: ....
      2. Қазақстан Республикасы  Әділет министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      13) "Тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің  2000 жылғы 17 сәуірдегі N 35 бұйрығы (N 1134  болып Қазақстан Республикасы  нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2000 жылғы 14 маусымда N 25 "Заң газеті" жарияланған)....

       Министр
______________________________________________

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"  Қазақстан Республикасы  Заңының  44-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары туралы бекітілсін.
      2. Осы бұйрық басшылық ету және жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетінің барлық аумақтық бөлімшелеріне жіберілсін.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеттің төрағасы Т.Е.Ділмұхамбетовке жүктелсін.

       Министр

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Әдiлет министрінiң
                                         2000 жылғы 17 сәуірдегі
                                          бұйрығымен бекiтiлген

Тыйым салынған мүлiктi сақтаудың
тәртiбi мен шарттары туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Осы Нұсқаулық сот қаулыларын және басқа да атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындау кезiнде сот орындаушысы тыйым салған мүлiктi сақтаудың тәртiбi мен шарттарын заңдылықпен нақтылауын белгiлейдi. 
      2. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу мүлiктiң тiзiмдемесiн жасаудан, оны иеленуге тыйым салуды жариялаудан, ал қажет болған жағдайда - мүлiктi пайдалану құқығын шектеуден және сақтауға беруден тұрады. 
      "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 39-42-баптарының талаптарына сәйкес сот орындаушысы борышкердiң мүлкiне тыйым салады. 
      Тiзiмдемеге атқару құжаты бойынша борышкердiң берешектi өтеу үшiн тек қажеттi көлемдегi, сондай-ақ орындау жөнiндегi шығыстарды ескере отырып, оның iшiнде мәжбүрлеп өндiрiп алу үшiн сот орындаушысының лажсыздан жолсапарға шығуы мен мүлiктi сақтау жөнiндегi шығыстарға байланысты мүлкi ғана жатады 
      3. Сот орындаушысы мен тыйым салынған мүлiк сақтауына берiлген адам (бұдан әрi - сақтаушы) арасындағы шарттың негiзiнде сақтаушыдан сақтау қолхат алу жолымен борышкердiң мүлкi сақтауға берiледi. 
      Мүлiктi сақтауға беру кезiнде сот орындаушысы тiзiмдемеге алуға, тыйым салуға немесе иелiк етуге шектеу салынған мүлiктi ысырап еткенi, иелiктен айырғаны, жасырып қалғаны немесе заңсыз бергенi үшiн ҚР ҚК 357-бабы бойынша қылмыстық жауапкершiлiк туралы сақтаушыға ескертедi. Сот орындаушысы сақтауға берiлген мүлiктiң ысырап етiлгенiн, иелiктен айырылғанын немесе ауыстырылғанын анықтай отырып, бұл туралы қаулы шығарады және оны осы адамдарды әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн құқық қорғау органдарына жiбередi. 
      4. Сақтаушы, егер ол борышкер немесе оның отбасының мүшесi осындай (борышкер-ұйым үшiн - оның қызметкерi) болып табылмаса, мүлiктi сақтағаны үшiн сыйақы ала алады. Сақтау шарты бойынша сақтаушыға сыйақының мөлшерi тараптардың келiсуiмен. 
      Мүлiктi сақтаумен байланысты келтiрiлген шығыстар атқару құжаттарын жасау жөнiндегi шығыстарға жатады. Аталған шығыстарды өндiрiп алу Сот қаулыларын атқару жөнiндегi комитетiнiң Департамент бастығы, бастығының орынбасары немесе аға сот орындаушысы бекiткен сот орындаушысы қаулысының негiзiнде жасалады. Мүлiктi сақтау үшiн шығыстардың орнын толтыру сот орындаушысы құрастырған есеп-қисап бойынша жүргiзiледi. Сақтаушымен есеп айырысу егер басқа заңдарда өзгедей көзделмесе, тараптардың келiсуiмен жүргiзiледi. 
      5. Тыйым салынған мүлiктiң оның зақымдануына, құнының кемуiне алып келуi мүмкiн деп ойлауға сот орындаушысында негiздер бар болған кезде, сондай-ақ сот орындаушысында немесе сақтаушыда объективтi себептерге қарай осы мүлiктi жылжыту мүмкiндiгi болмаған жағдайда, меншiк иесiнiң, борышкердiң немесе үшiншi адамдардың тiлегiнен тыс тыйым салынған орында қалуы мүмкiн. Бұл жағдайда сақтаушының тыйым салынған мүлiктiң сақталуы үшiн кез келген заңды iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқығы бар. 
      6. Тыйым салынған мүлiктiң есебiн жүргiзу үшiн сот орындаушыларының әрбiр аумақтық учаскесiнде тыйым салынған мүлiктiң журналы жүргiзiледi. Журнал баулануға, нөмiрленуге және Сот қаулыларын атқару жөнiндегi комитетiнiң Департаментi немесе аумақтық учаскесiнiң мөрiмен бекiтiлуге тиiс. Әр апта сайын журналды Сот қаулыларын атқару жөнiндегi комитетiнiң Департамент бастығы, бастығының орынбасары немесе аға сот орындаушысы тексередi, бұл туралы онда жазу жүргiзiледi. 
      7. Тыйым салынған мүлiктiң сақталуын, ол жоғалтылған (қаза тапқан), жетiспей шыққан және зақымданған жағдайларда шығыстардың өтелуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен тыйым салынған мүлікті сақтау және мүліктік сақтандыру шарттарының жасасылуы мүмкiн. 
      8. Сот орындаушысы борышкерде азаматтық айналымнан алынған мүлiктi (қару-жарақ, оқ-дәрi, жарылғыш заттар мен құрылғылар, радиоактивтi материалдар, есiрткi және психотроптық заттар және т.б.) анықтаған жағдайда сот орындаушысы бұл туралы мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн кешiктiрмей тиiстi органдарға хабарлайды. 
      9. Борышкердiң тыйым салынған мүлкiне тiзiмдеме жасау кезiнде өндiрiстiк немесе лабораториялық мақсатта пайдаланылатын бағалы металдар, асыл тастар (осы бұйымдардың сынықтары), зергерлiк бұйымдар (осы бұйымдардың сынықтары), бағалы металдардан жасалған тиындар, құймалар, шлих, табиғи, жартылай фабрикаттар, түрiндегi бағалы металл бұйымдар, сондай-ақ бағалы тастар, коллекциялық ақша белгiлерi, сондай-ақ тарихи немесе көркемдiк құндылығы бар мүлiк анықталса, олар сақтауға беруге жатады. 
      Осы бапта аталған, тыйым салынған мүлiк аға сот орындаушысының мөрiмен бекiтiлген тыйым салынған мүлiк туралы актiнiң көшiрмесiмен бiрге Тыйым салынған және алынған мүлiктi есепке алу журналында тiркеледi, алыну сәтiнен бастап 24 сағаттан кешiктiрiлмей мамандандырылған ұйымға немесе банк мекемесiне тапсырылады. Мамандандырылған ұйым не банк немесе банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыратын мекемелерде тиiстi лицензиясы болуға және мамандар ұсынған аталған мүлiктi сақтау шарттарына сай келуге тиiс. 
      Аталған мүлiктiң құнын, тарихи және көркемдiк құндылығын, сондай-ақ оны сақтаудың шарттарын анықтауды мамандар не сол қызметтi атқаратын мамандандырылған ұйым жүзеге асырады. 
      Маманның немесе мамандандырылған ұйымның қызметiне ақы төлеу атқарушылық iс-әрекеттердi жасау жөнiндегi шығыстарға көзделген қаражаттар есебiнен жүргiзiледi. 
      10. Борышкердiң мүлкiне тiзiмдеме жасау кезiнде анықталған теңгелей және шетел валютасындағы ақша қаражаттары алынған күнiнде олар кейiннен өндiрiп алушыларға беру үшiн сот орындаушыларының тиiстi аумақтық учаскесiнiң депозиттiк шотына салынады. 
      11. Тыйым салынған мүлiктi оның бүлiнуiне және (немесе) оны кейiннен сатуға мүмкiндiк болмайтындай жағдайға әкеп соғуы мүмкiн күйiнде сақтауға тыйым салынады. Бұл жағдайда сот орындаушысы борышкердiң есебiнен аталған мүлiктi тиiстi қалпына келтiру жөнiнде қажеттi шараларды кiдiртпей қабылдайды. Борышкердiң тыйым салынған мүлiктi оның сақталуын қамтамасыз ететiн қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарға төлем жасау үшiн қаражаттары болмаған жағдайда осы жұмыстарға шығыстар оларды кейiннен борышкердiң есебiнен белгiленген тәртiппен қалпына келтiре отырып "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабына сәйкес өндiрiп алушының қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады. 
      12. Тыйым салынатын, тез бұзылатын тауарлар, сондай-ақ арнайы сақталу шарттарын қажет ететiн тауарлар, қажет еткен жағдайда тиiстi ұйымдармен олардың сапасын тексеруге жатады және дереу сатуға берiледi. 
      13. Тек сақтаушының қатысуымен тыйым салынған мүлiкке сот орындаушысы мен басқа да адамдардың қол жеткiзуi мүмкiн. Ол болмаған жағдайда аға сот орындаушысы мен 2 айғақтардың қатысуымен мүлiкке қол жеткiзуге рұқсат етiледi. 
      14. Тыйым салынған мүлiкке тыйым салу және сақтау жөнiнде iс-әрекеттер жасалғанда iс жүргiзу құжаттарын рәсiмдеу кезiнде сот орындаушылары үшiн әзiрленген құжаттардың үлгiлерi басшылыққа алынады. 
      15. Нұсқаулыққа құжаттардың үлгiлерi қоса берiледi. 
      N 1 қосымша. Мүлiкке тыйым салу туралы қаулы. 
      N 2 қосымша. Мүлiкке тыйым салу және тiзiмдеме жасау актiсi. 
      N 3 қосымша. Тыйым салынған мүлiктi есепке алу журналы. 

                                                        N 1 қосымша

                      Мүлiкке тыйым салу туралы қаулы  

 

     2000 жылғы "___"_____________                _________ қаласы 

______________________________облысы бойынша Сот қаулыларын атқару 
жөніндегі комитет Департаментінің_____________ аумақтық учаскесінің
                                     (атауы)
__________________сот орындаушысы ________________туралы 2000 жылғы
  (Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________                    (атқарушы құжаттың мазмұны)
________ N ___  атқару іс өндірісін (атқарушы құжатты) қарай келіп,                               Белгіледі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________                     (тыйым салудың негіздері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
        Баяндалғанның негізінде, "Атқарушылық іс жүргізу және сот
орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының 10-бабының 2-бөлігін,
40-42 баптарын басшылыққа ала отырып, 
                             Қаулы етті:   

     1._____________________________________ мекен-жайында тұратын 
___________________________________________________________________
________________________ тыйым салынсын.
     2. Мүлік ________________________ тізімдемесіне сәйкес сақтауға
берілсін.
     3. Тыйым салынған мүлікке иелік етуге немесе оны пайдалануға
сот орындаушысы салған тыйымды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік
туралы ескертілсін.
     4. Қабылданған шешім туралы атқарушылық іс өндірісіне қатысатын
адамдар хабарлансын.
     Өндіріп алушы қаулыға шығу сәтінен 10 күннен кешіктірмей сотқа
шағым бере алады.

     Сот орындаушысы:________________________     

                                                       N 2 қосымша  

                   Мүлiкті тiзiмдеу және тыйым салу 
                                актiсi    

     2000 "___"______________                   _____________ қ.
____________________________________________ облысы Сот қаулыларын 
атқару комитеті Департаментінің ___________________________аумақтық 
учаскесінің сот орындаушысы ___________________________
                                    (Т.А.Ә.)
     1.___________________________ мекен-жайында тұратын____________
     2.________________мекен-жайында тұратын_____________ куәлардың
борышкер (борышкердің өкілі)______________және___________қатысуымен
                  (мүлікті тізімдеу кезінде қатысқан өзге адамдар)
_______________________ берген 2000 ж. "___"______________ 
(сот немесе басқа орган)

атқару құжатының негізінде және "Атқарушылық іс жүргізу және сот
орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының 10-бабының 2-бөлігін,
30-бабының 1,2,3-бөлімдерін, 39,40,41,42-баптарының талаптарын сақтай отырып,____________________тиеселі_____________________
мекен-жайында орналасқан мүлікке тыйым салды, бұл туралы осы актіні
жазды. 
      Мүлікке тыйым салуды бастар алдында аталған адамдарға олардың
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"
ҚР Заңының 28, 30-баптарының 4, 5, 7, 8-бөлімдерінде көзделген сот
орындаушысы жасайтын барлық іс-әрекеттерге қатысу және қаттамаға
енгізуге жататын, осы іс-әрекеттерге байланысты арыз айту құқығы
түсіндірілді.
      Куәларға, сонымен қатар, "Атқарушылық іс жүргізу және сот 
орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының 30-бабының 6-бөліміне
сәйкес мүлікке тыйым салыну фактісін, мазмұны мен нәтижесін 
куәландыру міндеті түсіндірілді.
      Куәлар: 1. ___________________
              2. ___________________    
      Мүлікке тыйым салар және тізімдер алдында сот орындаушысы
мүлікке тыйым салынғандығы туралы 2000 ж. "___"______________
қаулыны оқыды.    

     Мынадай мүлікке тыйым салынды:
____________________________________________________________________
р/р N|Тыйым салынған заттардың атауы|Саны |Жеке белгілері,заттарды                                                      бағалау 
____________________________________________________________________
1.
____________________________________________________________________
2.  
____________________________________________________________________
     Сот орындаушысы мынадай мүлікті сүргіледі: ___________________
     Мүлікті тізімдеу кезінде қатысқан адамдардың
     арыздары:___________________   
     Басқа арыздар немесе шағымдар түскен жоқ.
     Барлық аталған мүлік________________________сақтауға берілді.
                      (мүлікті қабылдаған адамның Т.А.Ә.)
     Қабылдаған мүлікті жоғалтқаны, иеліктен шығарғаны, жасырғаны
немесе ауыстырғаны үшін ҚР ҚК 357-бабы бойынша қылмыстық және 
материалдық жауапкершілік туралы ескертілді___________________ 
                                           (сақтаушының қолы) 
     Акт дауыстап оқылды, дұрыс жазылды.     

     Сот орындаушысы: __________________
     Куәлар: 1. ___________________ 
             2. ___________________ 
     Қатысқандар: ___________________

                                                        N 3 қосымша

             Тыйым салынған мүлiкке есеп жүргізу журналы  

____________________________________________________________________
N  Мүлікті    Тізімдеу    Тыйымды  Тыйым    Сомасы Мүліктің Сақтаушы
   тізімдеу   және тыйым  салған  салынған  (саны) орналасқан
   және оған  салу акті.  адам     мүліктің         жері
   тыйым салу  сінің               қысқаша
   актісі      шыққан күні         атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қосымшаның жалғасы:
_____________________________________
Сақтаушының   Сот атқарушы.  Ескерту
мекен-жайы    сының қолы 
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады