Дәрілік заттарды әкелуді келісуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне ұсынылатын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрайымының 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 шілде тіркелді. Тіркеу N 1183. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 885 (V043404) бұйрығымен.

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Дәрілік заттар туралы" U952655_ жарлығын жүзеге асыру және дәрілік заттарды әкелуді келісу үшін ұйымдар ұсынатын құжаттарды дайындау мерзімін қысқарту мақсатында Бұйырамын:
     1. Дәрілік заттарды әкелуді келісу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне ұсынатын қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі бекітілсін.
     2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау экономика, қаржы және дәрілік саясат жөніндегі департамент директорының орынбасары М.А.Омароваға жүктелсін.


      Төрайым

                                      Қазақстан Республикасы
                                      Денсаулық сақтау істері
                                      жөніндегі агенттігінің
                                      2000 жылғы 21 сәуір N 232
                                      бұйрығымен бекітілген

Дәрілік заттарды әкелуді келісу үшін
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне
ұсынылатын құжаттар тізбесі

     1. Дәрілік заттарды әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне мына құжаттар ұсынылады:
     1) дәрілік заттарды әкелуге келісу туралы өтініш;
     2) фармацевтикалық қызметке берілген лицензияның көшірмесі;    (лицензияның түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);
     3) басты спецификасын қоса дәрілік заттарды сату-сатып алу шартының (келісімнің) көшірмесі (түпнұсқасы) салыстыру үшін беріледі;
     4) келісім спецификасының немесе әкелуге жататын дәрілік заттардың тізбесі магниттік тасымалдауыштарда/дискет, сыйымдылығы 1,4 кбт/таблицалық түрде: ____________________________________________________________________
N! ТН ВЭД !  Дәрілік    !  Өлшем ! Саны ! Өндіруші, ! Дәрілік заттың
р!  коды  !заттың атауы,! бірлігі!      !өндірушінің!Қазақстан Рес.
/!        !   мөлшері,  !        !      !   елі     !публикасында
к!        !  орамдағы   !        !      !           ! тіркелген
!        !мөлшер көлемі!        !      !           !уақыты және N
!        !             !        !      !           !
____________________________________________________________________  1     2            3          4      5        6              7
____________________________________________________________________      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы "Бақылауға жатқызылатын есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар туралы" N 186 қаулысымен бекітілген тізімге кіргізілген есірткілік, психотроптық дәрілік заттарды және прекурсорларды әкелу үшін мына құжаттар ұсынылады:
     1) есірткілік, психотроптық дәрілік заттарды әкелуді келісуге өтініш;
     2) есірткілік, психотроптық дәрілік заттар және прекурсорлармен жұмыс істеу құқы бар фармацевтикалық қызметке берілген лицензия;
     3) есірткілік, психотроптық дәрілік заттарды сатып алу-сату шартының (келісімнің) көшірмесі;
     4) есірткілік, психотроптық дәрілік заттар мен прекурсорларды әкелуге аумақтық ішкі істер органы берген рұқсат;
     5) есірткілік, психотроптық дәрілік заттар мен прекурсорларды жеткізіп беруге денсаулық сақтау басқармасының аумақтық органымен жасасқан келісім;
     6) келісімге спецификацияның электрондық нұсқасы немесе есірткілік, психотроптық дәрілік заттар мен прекурсорлардың әкелуге жатқызылатын тізбесі осы тізбенің 1 тармағының 4 тармақшасында қарастырылған үлгідегі таблица түрінде ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады