Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 100-Ө бұйрығымен бекітілген (1998 жылғы 27 тамыздағы мемлекеттік тіркелім N 585) "Қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару тәртібі туралы нұсқаулыққа "өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2000 жылғы 20 маусымдағы N 66-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1201. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      12. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитеттiң "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң  1998 жылғы 3 тамыздағы N 100-П бұйрығымен бекiтiлген (1998 жылғы 27 тамыздағы мемлекеттiк тiркелiм N 585) "Қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару тәртiбi туралы  нұсқаулыққа" өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 20 маусымдағы N 66-п бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1201 тiркелген, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитеттiң нормативтiк құқықтық актілер" жинағында жарияланған, Алматы, 2001 жыл)...

___________________________________             

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің нормативтік құжаттарын қолданылып жүрген заңдарға сәйкестікке келтіру мақсатында Бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 100-Ө  V980585_  бұйрығымен бекітілген "Қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару тәртібі туралы нұсқаулыққа" мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1-тарау. "Жалпы ережелер" 1.1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-тармақшамен толықтырылсын: 
      "7. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Z970136_  Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 60 баптарына сәйкес зейнеткер жасына жеткен тұлғалар үшін қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары"; 
      1.1-тармақ мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын: "Зейнетақы активтеріне жатпайтын төлемшінің шотына қате есептелген сомаларды қайтаруды олар банк-кастодиандағы Қордың инвестициялық шотына есептелген сәттен бастап екі банктік күн ішінде банк-кастодиан жүзеге асырады". 
      1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Егер зейнетақы жарналарының сомалары төлемшінің кінәсынан қате аударылса, онда қайтару төлемшінің өтініші негізінде жасалады. Егер де сомалар төлемші банкінің кінәсынан қате аударылса (екі және одан көп рет корреспонденттік шоттан алынды), онда қайтару төлемші банкінің өтініші негізінде жасалады". 
      1.4-тармақтан бастап және әрі қарай нормативтік-құқықтық құжаттың мәтіні бойынша "жеке шот" деген сөз тіркесі "дербес зейнетақы шоты" дегенге ауыстырылсын. 
      1.8-тармақта "Қордың кірістерінен" деген сөздерден кейін "жаңадан түскен зейнетақы жарналарынан" деген сөздермен толықтырылсын. 
      1.8-тармақ мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын: 
      "Егер зейнетақы жарналарын аудару бойынша қате салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына сомаларды есептегенге дейін айқындалса, онда Қор бес күннің ішінде төлемшіге немесе төлемші банкіне қате есептелген соманы қайтарады. 
      Егер қателік ұзақ уақыт өткеннен кейін анықталса, онда Қор белгіленген тәртіппен зейнетақы шартының негізінде зейнетақы жарналарының есептелу фактісін тексеруді жүзеге асырады және қайтаруды бес күн ішінде жасайды. Қайтару сомасы бұдан бұрын Қор ұстап қалған комиссиялық сыйақыны есептегенде, қате есептелген зейнетақы жарналарынан тұруға тиіс. 
      2. Заң бөлімі (Тлеушев А.Ш.) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 100-Ө бұйрығымен бекітілген (1998 жылғы 27 тамыздағы мемлекеттік тіркелім N 585) "Қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару тәртібі туралы нұсқаулыққа" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 20.06. N 66-Ө бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жіберсін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енгізсін.     

       Төраға     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады