Қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару тәртібі туралы Нұсқаулық

Күшін жойған

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы 3 тамыздағы N 100-П бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу N 585. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi Директорының "Қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару тәртiбi туралы нұсқаулық" 1998 жылғы 3 тамыздағы N 100-П бұйрығы (Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 585 тiркелген, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитеттiң нормативтік құқықтық актiлерi" жинағында
жарияланған, Алматы, 2001 жыл)...

___________________________________

            "Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Z970136_  Қазақстан Республикасының 20 маусымдағы Заңына және "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355  P971355_  қаулысына сәйкес бұйырамын: 
      1. "Қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару тәртібі туралы" Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Заң бөлімі (Семейская Н.А.) "Жинақталған зейнетақыны аудару тәртібі" туралы Нұсқаулықты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.     

      Директор 

 Келісілген:                        ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік    қорғау министрлігінің Ұлттық
қорғау министрі                            зейнетақы агенттігі
                                          1998 жылғы "3" тамыз
                                           N 100-П бұйрығымен 
                                               БЕКІТІЛГЕН     

Қате есептелген зейнетақы жарналарын
қайтару тәртібі туралы 
НҰСҚАУЛЫҚ 

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 Қаулысымен бекітілген "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, аудару және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төлемді жүзеге асыру тәртібіне" Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік және құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорының төлеушілерге қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару тәртібін белгілейді. 

1. Жалпы ереже  

      1.1. Жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - Қор) қате есептелген зейнетақы жарналарына төлеушілер (заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлға) жинақтау жүйесіне аударған зейнетақы жарналарының мынадай сомалары жатады: 
      1) төлеуші немесе төлеушінің банкі екі немесе одан да көп рет бір немесе бірнеше төлем тапсырмаларының негізінде аударған міндетті және ерікті зейнетақы жарналары; 
      2) МТ-102 форматымен төлем тапсырмалары негізінде тіркелген салымшы/ алушы деректемелерінде қателік жіберілген немесе Қормен зейнетақы шартына отырмаған салымшы/алушы кіргізілген тізім бойынша есептелген міндетті және ерікті зейнетақы жарналары; 
      3) басқа Қорға бағытталған міндетті және ерікті зейнетақы жарналары; 
      4) әскери қызметіне 1998 жылдың 1 қаңтарына 10 немесе одан да көп жыл толған әскери қызметшілердің атына аударылған міндетті зейнетақы жарналары; 
      5) егер аударылған міндетті немесе ерікті зейнетақы жарналарының төлем тапсырмасының сомасы мен салымшы/алушының МТ-102 форматымен төлем тапсырмаларына тіркелген тізім бойынша түскен жарна сомасының айырмашылығы анықталған болса; 
      6) егер төлеушінің немесе оған қызмет ететін банкінің кінәсінен қордың немесе алушы банкінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген болса, сонымен қатар МТ-102 форматымен төлем тапсырмаларына тіркелген тізімді қалыптастыру кезінде жіберілген қателер, сондай-ақ алымшы/салушы тізіміне есептік және жәй қателер жіберілген болса; 
      7) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Z970136_  Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 60 баптарына сәйкес зейнеткер жасына жеткен тұлғалар үшін қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары.<*> 
      Зейнетақы активтеріне жатпайтын төлемшінің шотына қате есептелген сомаларды қайтаруды олар банк-кастодиандағы Қордың инвестициялық шотына есептелген сәттен бастап екі банктік күн ішінде банк-кастодиан жүзеге асырады.<*> 
       Ескерту: 1.1-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2000 жылғы 20 маусым N 66-Ө бұйрығымен V001201_  
      1.2. Егер зейнетақы жарналарының сомалары төлемшінің кінәсынан қате аударылса, онда қайтару төлемшінің өтініші негізінде жасалады. Егер де сомалар төлемші банкінің кінәсынан қате аударылса (екі және одан көп рет корреспонденттік шоттан алынды), онда қайтару төлемші банкінің өтініші негізінде жасалады.<*> 
       Ескерту: 1.2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2000 жылғы 20 маусым N 66-Ө бұйрығымен V001201_  
      1.3. Төлеуші немесе төлеушінің банкі қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтаруға берген арызында деректемелерді: төлеуші ұйымының реквизиті, атауы мен СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмерін), есеп шоты, банк ХҚҮ, төлем тапсырмасының нөмірін, күнін, сомасын немесе жарналар қайта аударылған барлық төлем тапсырмаларының жалпы сомасын, төлемнің банктік кодын (референс), төлеушінің банкісінде өткізілген күнін және қайтару есебін көрсетуге тиіс. Арызға басшы, бас бухгалтер қол қойып, ол мөрмен расталуға тиіс. 
      1.4. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары белгілеген тәртіппен Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық (бұдан әрі - Орталық) арқылы қайтарылады. Орталық қате аударылған зейнетақы жарналарын транзитті дербес зейнетақы шоттардың есебінен шығарады, сонымен бірге төлеушілер бойынша деректер базасын түзетеді, сонан соң өзгерістер туралы салық органдарына хабарлайды.<*> 
       Ескерту: 1.4-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2000 жылғы 20 маусым N 66-Ө бұйрығымен V001201_  
      1.5. Орталық ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-не дейін міндетті түрде салық органдарына қайтарылған сомалар туралы тізімдерді облыстарға, аудандарға, төлеушілерге қатысты төлеушілердің дербес зейнетақы шоттарын түзетіп отыру үшін төлем тапсырмасының электронды бейнесімен қоса беріп отыруға тиіс.<*> 
       Ескерту: 1.5-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2000 жылғы 20 маусым N 66-Ө бұйрығымен.   V001201_  
      1.6. Қате есептелген ерікті зейнетақы жарналарын орталықтың қатысуынсыз мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары қайтарады. 
      1.7. Қор қате есептелген соманы қайтаруды жүзеге асыру үшін ақшаға деген қажеттілігі туралы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға үш банктік күн ішінде (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің МЖЗҚ Зейнетақы активтерін орналастыру жөніндегі басқарма) белгіленген тәртіппен тапсырыс жасайды. 
      1.8. Қате аударылған зейнетақы жарналары қордың кірісін жаңадан түскен зейнетақы жарналарынан зейнетақы жарнасының сомасынан бұрын ұсталған комиссиялық сыйақылар сомасына азайту жағына қарай түзету енгізе отырып, толық сомада қайтарылады. 
      Егер зейнетақы жарналарын аудару бойынша қате салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына сомаларды есептегенге дейін айқындалса, онда Қор бес күннің ішінде төлемшіге немесе төлемші банкіне қате есептелген соманы қайтарады. 
      Егер қателік ұзақ уақыт өткеннен кейін анықталса, онда Қор белгіленген тәртіппен зейнетақы шартының негізінде зейнетақы жарналарының есептелу фактісін тексеруді жүзеге асырады және қайтаруды бес күн ішінде жасайды. Қайтару сомасы бұдан бұрын Қор ұстап қалған комиссиялық сыйақыны есептегенде, қате есептелген зейнетақы жарналарынан тұруға тиіс.<*> 
       Ескерту: 1.8-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2000 жылғы 20 маусым N 66-Ө бұйрығымен V001201_  
      1.9. Зейнетақы жарналарының еңбек ақының жекелеген төлемдері қорына қате енгізілуіне байланысты, жұмыс берушілердің қателесуі салдарынан төлеушілер оның артық есептелген сомасын өздері түзетеді және зейнетақы төлемінің келесі аударымдары кезінде ескеріледі. 
      1.10. Қор қате есептелінген зейнетақы жарналарын жекелеген салымшылар бойынша да, тұтас төлем тапсырмаларына тіркелген тізім бойынша да қайтара алады. 

2. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорларының қате есептелген зейнетақы 
жарналарын қайтару тәртібі  

      2.1. Қор кастодиан банктен зейнетақы жарнасын есептеуге арналған Орталық МТ-102 үлгісі бойынша тізіммен қоса төлем тапсырмасын алғаннан кейін, зейнетақы жарнасын салымшылардың/алушылардың дербес зейнетақы шотына жазады. Қордың салымшыларының/алушыларының деректемелерінде (аты-жөнінде, туған күнінде, әлеуметтік жеке кодында) алшақтық болған, сондай-ақ салымшымен шарт жасалмаған жағдайда, қате аударылған жарна сомасы зейнетақы жарнасы түскен күннен бастап төлеушіге үш банктік күн ішінде қайтарылады.<*> 
       Ескерту: 2.1-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2000 жылғы 20 маусым N 66-Ө бұйрығымен V001201_  
      2.2. Қате есептеген міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды Орталық МТ-102 үлгісі бойынша тізімді қоса тіркей отырып, мемлекеттік емес зейнетақы қорларының тапсырмасы негізінде кастодиан банкі жүзеге асырады, онда қайтару себептері мен межелі төлем коды көрсетіледі. 
      2.3. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорынан қате есептелген соманы қайтаруға арналған МТ-102 үлгісі бойынша тапсырманы алғаннан кейін үш банктік күн ішінде нақты есепке жазылғанын тексереді және салымшылардың транзиттік бет есептерінен салым сомаларын есептен шығарады, төлеушілер жөніндегі деректерін түзетеді. 
      2.4. Қор қате аударылған ақшасын қайтару туралы төлеушіден арыз түскен кезде, зейнетақы жарналарының түскені анықталған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 2.2. және 2.3.-тармақтарында көрсетілген тәртіппен арыз түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде қате аударылған ақшаны қайтаруға тиіс. 
      2.5. Ерікті зейнетақы жарналарын төлеушінің банкісіне зейнетақы жарнасы түскен күннен бастап қайтару себебін көрсете отырып, төлеушіге үш банктік күн ішінде тікелей жинақтаушы зейнетақы қорлары қайтарады.

3. Мемлекеттік зейнетақы қорының қате есептелген
зейнетақы жарналарын қайтару тәртібі  

      3.1. Төлеушілерге қызмет көрсететін төлеушінің немесе банкінің аударылған соманы қайтару туралы өтініші негізінде, Қор Орталыққа кастодиандық шотқа төлеушінің нақты есептелген сомасын растауы туралы сұрау салады. Қордың сұрауында төлеушінің төлем тапсырмасының атауы, СТН, есеп-шоты, банк ҚХҰ, төлем тапсырысының нөмірі, күні және сомасы, төлеушінің банкі төлем жасаған күн, төлем коды (референс) көрсетіледі. 
      3.2. Орталық Қор жіберген сұрауды алғаннан кейін нақты есептелген зейнетақы жарналарын үш банктік күн ішінде тексереді және осы сома бойынша барлық деректемелерді көрсете отырып растама береді. 
      3.3. Қор Орталықтың қате есептелген соманы кастодиандық шотқа есептеу туралы растауын алған бойда ақшаны үш банктік күн ішінде аударуға төлем тапсырмасы мен тізілімді қалыптастырып, кейіннен төлеушінің есеп шотына салуы үшін Орталықтың есеп шотына аударады.
      3.4. Қордың төлем тапсырмасы негізінде Орталық төлеушіге қате есептелген зейнетақы жарналарының сомасын үш банктік күн ішінде қайтарады.
      3.5. Орталық қате есептелген соманы Қордың төлем тапсырмасы мен тізілімі негізінде қайтарғаннан кейін оны орындағаны туралы жазбаша хабарлайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады