Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 24 маусымдағы N 352 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 30 маусым N 633. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 шілде N 1206 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      "Керi репо" мәмiлелерiн жасаудың (қандай да болмасын мүлiктi оны кейiннен керi сату мiндеттемелерiнiң шарттарында сатып алу) ерекшелiктерiн есеп алу және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның инвестициялық қызметiне бақылау жасауды күшейту мақсатында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының  32-бабы 2-тармағының және 55-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1999 жылғы 26 шiлдеде 853 нөмiрмен тiркелген "Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерiнiң қатысуымен сатып алу-сату мәмiлелерiн жүргiзу туралы" Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 24 маусымдағы N 352 қаулысына  ("Рынок және құқық". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 7(8), 14-бет) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) кiрiспеде:
      "орындау мақсатында" деген сөздер "және 32-бабының 2-тармақшасының негізiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салымшыларының (алушыларының)" деген сөздердiң алдында "зейнетақы төлемдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      "мемлекеттiк емес" деген сөз алып тасталсын;
      "компаниялар" деген сөзден кейiн "және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 1-тармақта:
      "зейнетақы активтерiнiң" деген сөздерден кейiн "("керi репо" мәмiлелерiн - бағалы қағазды оны кейiннен керi сату мiндеттемелерiнiң шарттарында сатып алуды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2 тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Зейнетақы активтерiнiң қатысуымен жасалған "керi репо" мәмiлелерiнiң 30 күннен аспайтын мерзiмге жасалатындығы белгiленсiн.
      1-2. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияларға және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-на олардың аффилиирленген тұлғаларымен зейнетақы активтерiнiң қатысуымен "керi репо" мәмiлелерiн жасауға тыйым салынсын.".
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөліміне:
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.    

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады